Тоңазытқыш ішіне ылғал жиналып қалса;
•
Барлық өнімдер дұрыстап оралған ба? Контейнерлер тоңазытқышқа салмас бұрын
кептірілген бе?
•
Тоңазытқыш есіктері жиі ашылды ма? Есіктер ашық тұрғанда, бөлменің ылғалдығы
тоңазытқышқа енеді. Егер сіз тоңазытқыш есіктерін жиі аша берсеңіз, оның үстіне бөлме
ішіндегі ылғалдық жоғары болса, тоңазытқыш ішіндегі ылғалдық өте тез арта бастайды.
Егер есіктер дұрыстап ашылып-жабылмаса;
• Азық-түлік қаптамалары есіктің жабылуына кедергі келтіріп тұр ма?
• Есік бөліктері, сөрелер мен тартпалар дұрыс орналасқан ба?
• Есік тығыздағыштары сынып, немесе жыртылып қалмаған ба?
• Тоңазытқышыңыз тегіс жерге орналасқан ба?
Егер тоңазытқыш корпусының есік топсасына жанасқан жиектері жылы болса;
Әсіресе жазда (ыстық ауа райында), топсаға жанасқан тұс компрессор жұмысының барысында
тез қызатын беттерде бұл жағдай қалыпты болып саналады.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕЛЕР:
• Компрессорды қорғау функциясы қорек көзі кенеттен өшіп қалған жағдайда немесе
құрылғыны желіден ажыратқан жағдайда іске қосылады, себебі мұндайда салқындату
жүйесіндегі газ тұрақты болмайды.
Тоңазытқышыңыз 5 минуттан кейін іске қосылады, уайымдайтын себеп жоқ.
• Егер тоңазытқышты ұзақ уақыт пайдаланбайтын жоспарыңыз болса (мәселен, жазғы
демалыстарда), оны желіден ажыратып қойыңыз. Тоңазытқышыңызды 4-ші тармаққа
сәйкес тазалап, ылғал мен иістің алдын алу үшін есікті ашық қалдырыңыз.
• Егер жоғарыда көрсетілген нұсқауларды орындағанның өзінде ақау түзелмесе, жақын
маңда орналасқан қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Сіз сатып алған құрылғы үй шаруасында пайдалануға арналған, сондықтан ол тек үйде
және көрсетілген мақсаттар үшін ғана қолданылуы керек. Ол жалпы немесе коммерциялық
мақсатта пайдалануға жарамайды. Егер тұтынушы құрылғыны көрсетілген функцияларға
сәйкес келмейтін тәртіпте қолданатын болса, біз құрылғы өндірушісі мен оны жеткізушінің
кепілдік уақыт ішіндегі кез келген жөндеу мен ақау үшін жауапкершілік алмайтынын
ескертеміз.
Қуатты үнемдеу жөніндегі кеңестер
1. Құрылғыны салқын әрі жақсы желдетілетін бөлмеге орнатыңыз, бірақ тікелей күн
сәулелерінің астына және жылу көздерінің жанына орнатпаңыз (радиатор, плита.. т.б. ).
Егер сіз оны жылу көздеріне жақын жерге орнатсаңыз, оқшаулағыш тақта пайдаланыңыз.
2. Жылы тағамдар мен сусындарды тоңазытқыш немесе мұздатқыш бөліктеріне салмас бұрын
әбден суытып алыңыз.
3. Мұздатылған өнімдерді еріткенде, оны тоңазытқыш бөлігіне салыңыз. Мұздатылған
өнімдердің төмен температурасы қажетті энергияны азайта отырып, еріту барысында
тоңазытқыш бөлігін салқындатуға көмектеседі.
4. Құрылғы ішіне сұйық өнімдер салғанда олардың беті жабық екеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе
құрылғы ішіндегі ылғалдық артып, сұйық өнімдерді салқындатуға қажетті уақыт ұзарып
кетеді. Сондай-ақ, сусындар мен сұйық тағамдардың үстін жапсаңыз, олардың иісі мен дәмі
сақталады.
5. Құрылғы ішіне тағамдар мен сусындар салғанда, оның ішіндегі температура тұрақты күйде
сақталуы үшін есікті тез ашып, жабыңыз.
6. Құрылғыдағы температуралық талаптары әртүрлі болатын кез келген бөлімдердің
қақпақтарын жабық ұстаңыз (контейнер, салқындатқыш...т.б. ).
7. Есік тығыздағышының таза әрі икемді екеніне көз жеткізіңіз. Тығыздағыштар тозған немесе
бұзылған болса, оларды алмастырыңыз.
KK - 40