ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ
Тоңазытқышыңызды пайдалану
• Құрылғының қалыпты жұмыс істеу шарттарын қамтамасыз ету үшін, тоңазытқыштың
салқындатқыш бөлігіндегі температураны 4 °C етіп қойса жеткілікті.
• Ылғалдықты азайтып, аязды күшейту үшін, тоңазытқыштағы ашық контейнерлерге сұйық
заттар қоймаңыз. Аяз буландырғыштың ең суық бөліктеріне шоғырлануға бейім болады,
сондықтан уақыт өте келе жиі ерітіп тұруды талап ететін болады.
• Тоңазытқыш ішіне ешқашан жылы тамақтар салмаңыз. Жылы тамақты алдымен бөлме
температурасында суытып алған жөн, және оны тоңазытқыш бөлікте жеткілікті ауа
айналымын қамтамасыз етілетіндей орналастыру қажет.
• Артқы қабырғаға ештеңе тимеуі керек, себебі бұл өнімдердің қатып, орамалардың артқы
қабырғаға жабысып қалуына әкелуі мүмкін. Тоңазытқыштың есігін тым жиі аша бермеңіз.
• 1-2 күннен кейін пісіретін ет пен тазартылған балықты (орамаға немесе пластик парақтарға
оралған) тоңазытқыш бөлігінің ең төменгі жағына (контейнердің үстіндегі) салыңыз, себебі
бұл ең жақсы сақтау жағдайын қамтамасыз ететін ең мұздай бөлім.
• Көкөніс пен жемістерді контейнерге орамасыз сала берсеңіз болады.
Төменде азық-түліктеріңізді салқындатқыш бөлігінде орналастырып, сақтауға қатысты бірнеше
ұсыныстар мен кеңестер берілген.
Тағам
Көкөністер мен жемістер
Ет пен балық
Балғын ірімшік
Май мен маргарин
Бөтелкедегі өнімдер, сүт
пен йогурт
Жұмыртқа
Піскен тағам
ЕСКЕРТПЕ: Картоп, пияз және сарымсақтарды тоңазытқыш ішінде сақтамаған жөн.
Қатырғыш бөлімі
• Құрылғының қалыпты жұмыс істеу шарттарын қамтамасыз ету үшін, a•
Тоңазытқышыңыздың терең мұздату бөлігін мұздатылған өнімдерді ұзақ уақыт сақтау үшін
және мұз қатыру үшін пайдаланыңыз.
• Мұздатқыш бөлігінің сыйымдылығын барынша арттыру үшін, жай ғана үстіңгі және
ортаңғы бөлімдерге әйнек сөрелерді пайдаланыңыз. Астыңғы бөлік үшін төменгі жәшікті
пайдалануыңызды сұраймыз.
• Енді мұздатайын деп жатқан тамақты мұздатылған тамақтардың қасына қоймаңыз.
• Мұздатылатын өнімдерді (ет, тартылған ет, балық, т.б.) бір рет қолданатындай бөліктерге
бөліп мұздату керек.
• Мұздатылған азық-түлікті бір еріткен соң қайта мұздатпаңыз. Бұл сіздің денсаулығыңызға
қауіпті болуы мүмкін, уланып қалуыңыз ғажап емес.
• Ыстық тағамдар әбден суымайынша, оларды терең мұздату бөлігіне салмаңыз. Әйтпесе
терең мұздату бөлігінде мұздатылып тұрған өнімдер бұзылып, шіруі мүмкін.
• Мұздатылған өнімдер сатып алғаныңызда, олардың тиісті жағдайда мұздатылғанына және
орамасының жыртылып қалмағандығына көз жеткізіңіз.
• Мұздатқыш ішінде мұздатылған өнімдерді сақтағанда, орамада көрсетілген сақтау
шарттары міндетті түрде орындалуы керек. Егер орамада ешқандай түсіндірме болмаса,
өнімді тез арада тұтыну керек дегенді білдіреді.
• Егер мұздатылған өнімнің орамасы ылғалданып кетіп, жағымсыз иіс шығып тұрса, ол
бұрынырақ жарамсыз жағдайда сақталып, бұзылып кетуі мүмкін.
Мұндай азық-түліктер сатып алмаңыз!
Максималды сақтау уақыты
1 апта
2 - 3 күн
3 - 4 күн
1 апта
Өндіруші ұсынған сақтау
мерзімі аяқталғанға дейін
1 ай
KK - 34
Тоңазытқыш бөлімінің қай
жеріне орналастыру керек
Көкөністер салатын жәшік
Пластик фольгалар немесе
қапшықтарға орау немесе ет
салатын контейнерге салу
(шыны сөренің үстіне)
Арнайы есік сөресінің ішіне
Арнайы есік сөресінің ішіне
Арнайы есік сөресінің ішіне
Жұмыртқа салатын сөреге
Барлық сөрелер