Егер тоңазытқышыңыз жұмыс істемей тұрса;
•
Қуат іркілісі орын алған ба?
•
Аша розеткаға дұрыс жалғанған ба?
•
Аша жалғанған розетканың сақтандырғышы немесе негізгі сақтандырғыш жанып кеткен бе?
•
Розеткада қандай да бір ақау бар ма? Оны тексеру үшін, тоңазытқышыңызды жұмыс істеп
тұрған розеткаға қосыңыз.
Тоңазытқышыңыз жеткілікті дәрежеде салқындатпай тұрса;
•
Температура дұрыс орнатылған ба?
•
Тоңазытқышыңыздың есігі жиі ашылып, ұзақ уақытқа ашық қалды ма?
•
Тоңазытқыштың есігі дұрыс жабылған ба?
•
Тоңазытқышқа тамақ немесе азық-түлік салғанда, оны тоңазытқыштың артқы қабырғасына
жақындатып қойып, ауа айналымы жүрмей қалған жоқ па?
•
Тоңазытқышыңыз шамадан тыс толып тұрған жоқ па?
•
Тоңазытқышыңыз бен артқы және бүйір қабырғалар арасында жеткілікті қашықтық
сақталған ба?
•
Қоршаған орта температурасы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мәндер
аралығында орнатылған ба?
Тоңазытқыш бөлігіндегі азық-түліктер шамадан тыс салқындатылған болса;
•
Температура дұрыс орнатылған ба?
•
Жақын уақытта мұздатқыш бөлігіне тым көп азық-түлік салынған ба еді? IСолай болса,
тоңазытқышыңыз сол азық-түліктерді салқындату үшін ұзақ жұмыс істейтіндіктен,
тоңазытқыш бөлігіндегі азықтарды шамадан тыс салқындатып жіберуі мүмкін.
Егер тоңазытқышыңыз тым жай жұмыс істеп тұрса;
Орнатылған салқындату деңгейін сақтап тұру үшін, компрессор арасында қосылып тұруы
мүмкін. Мұндайда тоңазытқыштан шығатын шулар қалыпты болып табылады және олар оның
жұмысының әсерінен шығады. Қажетті салқындату деңгейіне жеткен соң шулар автоматты
түрде басыла бастайды. Егер шулар басылмаса;
•
Құрылғыңыз тұрақты орналасқан ба? Аяқтары реттелген бе?
•
Тоңазытқышыңыздың артында бірдеңе тұр ма?
•
Сөрелер мен сөредегі ыдыстар дірілдеп тұр ма? Солай болса, сөрелердің және/немесе
ыдыстардың орнын ауыстырыңыз.
•
Тоңазытқышқа салған заттарыңыз дірілдеп тұр ма?.
Қалыпты шулар;
Тырс еткен (Мұздың шытынауы) дыбыс:
• Автоматты еріту барысында.
• Құрылғы салқындатылғанда немесе қыздырылғанда (құрылғы материалының кеңеюінің
нәтижесінде).
Қысқа тырс еткен дыбыс: Термостат компрессорды қосқанда/өшіргенде естіледі.
Компрессордың шуы (Қалыпты қозғалтқыш шуы): Бұл шу компрессордың қалыпты жұмыс
істеп тұрғандығын білдіреді. Компрессор қосулы тұрғанда ол аз уақыт ішінде көп шу шығаруы
мүмкін.
Бүлкілдеген дыбыс және шашырау: Бұл шу желі құбырларындағы хладагенттің ағынының
әсерінен шығады.
Су ағынының шуы: Бұл - еріту барысында буландыру контейнеріне келіп түсетін су ағынынан
шығатын қалыпты шу. Бұл шу еріту барысында естілуі мүмкін.
Ауа ағынының шуы (Қалыпты желдеткіш шуы): Мұндай шу No-Frost (Қырау қатпайтын)
тоңазытқыштардың қалыпты жұмысының барысында естіледі, ол ауа айналымының
нәтижесінде туындайды.
KK - 39