Салқындатқыш сөресін шешу
• Салқындатқыш сөресін рельстерімен сырғытып, өзіңізге қарай тартыңыз.
• Салқындатқыш сөресін рельстерінен көтеріп, оны тоңазытқыштан
шығарып алыңыз.
Мұздатқыш жәшігі
Мұздатқыш жәшігі азық-түлікті үнемі әрі жиі сақтауға мүмкіндік береді.
Мұздатқыш жәшігін шешу;
• Жәшікті барынша сыртқа қарай шығарыңыз
• Жәшіктің алдыңғы жағын жоғарыға және алға қарай тартыңыз.
! Жылжымалы бөлікті шешу үшін, дәл осы әрекетті кері қарайғы ретпен
орындаңыз.
Ескертпе: Жәшікті шешкенде әрдайым оның тұтқасын ұстап тұрыңыз.
Humidity Control (Ылғалды басқарғыш)
Humidity Control (Ылғалды басқарғыш) жабық күйде болғанда, ол
балғын көкөністер мен жеміс-жидектерді ұзағырақ сақтауға мүмкіндік
береді.
Егер контейнер толып тұрса, контейнерге қарама-қарсы орналасқан
тазарту тетігін ашыңыз. Бұл контейнердегі ауа мен ылғалдық деңгейін
басқаруға мүмкіндік беретіндіктен, контейнердегі азық-түліктің
сақталу мерзімі артады.
Егер сіз әйнек сөреден қандай да бір конденсацияны байқасаңыз,
Humidity Control (Ылғалды басқарғыш) ашық күйде орнатылуы керек.
Реттелмелі есік сөресі(Кей үлгілерде)
Реттелмелі есік сөресі арқылы азық-түлік сақтайтын қажетті бөліктерді
қамтамасыз ету үшін, оны бес түрлі биіктікке келтіріп, орнатуға болады.
Реттелмелі есік сөресінің орналасуын өзгерту үшін;
Сөренің алдыңғы жағын көтеріңіз (1) де, реттелмелі есік сөресін (2) екі
қолыңызбен көтеріп, босатыңыз (1 сур.)
Есік сөресін босатар алдында оның есік деңгейінде орналасқанына көз жеткізіңіз.
Active Oxygen (Белсенді оттегі) (Кей үлгілерде)
Active Oxygen (Белсенді оттегі) жағымсыз иіс бөлшектері мен ауадағы
шаң-тозаңды бейтараптандыратын теріс иондарды таратып, тағамды таза,
жақсы күйде сақтайды.
Тоңазытқыш ішіндегі ауадан аталған бөлшектерді жоя отырып, Active
Oxygen (Белсенді оттегі) ауаның сапасын жақсартып, иістерді кетіреді.
• Бұл функция міндетті болып табылмайды. Ол сіздің құрылғыңызда
болмауы да мүмкін.
• Ионизатордың орналасуы әр құрылғыда әртүрлі болуы мүмкін.
Active Fresh Filter (Белсенді тазалау сүзгісі) (Кей үлгілерде)
Active Fresh Filter (Белсенді тазалау сүзгісі) технологиясы этилен
газы (балғын өнімдерден табиғи жолмен бөлінетін биоөнім)
мен мұздатқыш контейнеріндегі жағымсыз иістерді кетіруге
көмектеседі. Осылайша өнімдердің балғындығы ұзақ уақытқа
сақталады.
• Active Fresh Filter (Белсенді тазалау сүзгісі) жылына бір рет
тазаланып тұруы керек. Пешті 65 °C-қа қыздырып, ішіне
сүзгіні салып, 2 сағатқа қалдыру керек.
• Сүзгіні тазалау үшін, сүзгі жәшігінің артқы қаптамасын
бағыттауыш тілдің (A) бағыты бойынша тартып, шешіңіз .
• Сүзгіні сумен немесе қандай да бір жуғыш затпен жууға болмайды.
Ескертпелер: Сүзгінің құрастырылу күйі
контейнердің құрылымына қарай
ерекшеленуі мүмкін. Осыған байланысты
суреттерді қараңыз. Кейбір үлгілерде сүзгі
суреттерде көрсетілгендей бекітілмеуі мүмкін. Мұндайда оны
жай ғана тартпаға салып қоюға болады.
Керек-жарақтар бөліміндегі визуалды және мәтіндік сипаттамалар құрылғыңыздың үлгісіне қарай
ерекшеленуі мүмкін.
Active Fresh Filter
(Белсенді тазалау
сүзгісі)
KK - 32
1 сурет
Active Oxygen
(Белсенді оттегі)