Құрметті тұтынушылар!
Bauerfeind компаниясының өнімін таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Біз әр күн сайын бұйымдарымыздың медициналық әсерін жақсарту бағытында
жұмыс жүргіземіз, себебі Сіздердің денсаулықтарыңыз біз үшін маңызды.
Пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және ондағы нұсқауларды орындаңыз.
Сұрақтар туындаса, дәрігеріңізге немесе мамандандырылған дүкенге жүгініңіз.
Қолданылу мақсаты
GenuTrain A3 медициналық бұйым болып
табылады. Ол гонартроз секілді тізе буынының
кешенді аурулары кезінде белсендіруге және
тұрақтандыруға арналған бандаж.
Қолдану көрсетімдері
• Гонартроз және артрит
• Созылмалы, жарақат алудан және операциядан
кейінгі реактивтік күйлер
• Тендопатия, байлам бекітпелерінің
лигаментоздары және тендомиопатия
• Бұлшықет теңгерімсіздігінің салдарынан
функционалдық тұрақсыздық кезіндегі гоналгия
• Рецидивтік буынішілік жалқаяқ
• Алдына алу / рецидивтер профилактикасы
• Тізе қақпағының латерализациясы
Бұйымды пайдалану тәуекелдері
Маңызды ескертпелер
Осы пайдалану нұсқаулығының талаптары
мен кәсіби маманның нұсқауларын мүлтіксіз
орындаңыз.
Бұйымның әсері әсіресе дене белсенділігі кезінде
қамтамасыз етіледі.
• Ұзақ демалыс кезеңдерінде бандажды шешіп
қойыңыз.
• Тағайындалғаннан кейін GenuTrain A3 бандажын
тек тағайындау мақсатына сай және
медициналық кәсіби мамандардың* қосымша
нұсқауларын қаперге ала отырып пайдаланыңыз.
Бандажды басқа бұйымдармен бірге қолданар
кезде алдымен кәсіби мамандардан немесе
дәрігеріңізден кеңес алыңыз. Бұйымға өз
бетіңізше өзгертулер енгізбеңіз, өзгерткен
жағдайда ол күтілгендей емдік әсер бермеуі
немесе денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
Мұндай жағдайларға өндірушінің кепілдігі мен
жауапкершілігі таралмайды.
• Бұйымның майлы және қышқылды құралдармен,
жақпамайлармен немесе лосьондармен
жанасуына жол бермеңіз.
• Дене сыртынан тағылатын барлық көмекші
құралдар тым қатты жанасып тұрса, жергілікті
қысымдық құбылыстарға алып келуі немесе сирек
жағдайларда өтіп тұрған қан тамырларды немесе
жүйкелерді қысып қалуы мүмкін.
• Бұйымды тағып жүргенде өзгерістердің пайда
болғанын немесе аурудың күшейгенін
байқасаңыз, оны әрмен қарай қолдануды
тоқтатып, дәрігеріңізге жүгініңіз.
• Егер Bauerfeind компаниясының бұйымын жедел
ауруларға / жарақаттарға қолданбақшы болсаңыз,
алғаш қолданар алдында кідірместен кәсіби
медицина маманының кеңесіне жүгініңіз және
алған кеңесті орындаңыз. Тағайындалуына
байланысты шектеулер болуы мүмкін, шектеулер
бойынша кәсіби маман кеңес бере алады. Атап
айтқанда автокөліктерді, басқа да көлік
құралдарын немесе машиналарды жүргізу
қабілетіңіз шектелуі мүмкін. Күдікті жағдайларда
жоғарыда аталған әрекеттермен айналысудан
уақытша бас тартуға кеңес береміз.
Абайлаңыз: Бұйымды шешіп қойған кезде емдік
шараны қажет ететін дене мүшеңіз жеткілікті
қолдаумен / қорғанышпен қамтамасыз етілмейді.
Әсіресе осындай жағдайда дене мүшеңізге қандай
да бір жүктеме түсіруден сақтаныңыз.
Қарсы көрсетімдер
Клиникалық маңызы бар шектен тыс
сезімталдықтың пайда болуы туралы бұған дейін
шағымдар болған жоқ. Төмендегідей клиникалық
жағдайларда бұл көмекші құралды дәрігеріңізбен
кеңесіп алғаннан кейін ғана киюге және киіп
жүруге болады:
1. Бұйым қолданылатын дене бөлігіндегі тері
аурулары / жарақаттары, әсіресе қабыну
құбылыстары. Сондай-ақ ісінуге, қызаруға және
гипертермияға ұласқан ұлғайған тыртықтар.
2. Қан тамырларының кеңеюі (варикоз).
3. Неврологиялық өзгерістерге байланысты
аяқтың сезімталдығының бұзылулары
4. Аяқтың қан айналымының бұзылулары
(мысалы, қант диабеті)
5. Лимфа ағысының бұзылулары және жұмсақ
ұлпалардың себебі белгісіз ісінулері
Қолдану бойынша нұсқаулар
GenuTrain A3 бандажын кию және шешу
Кию
1. Екі жағынан бүйірдегі таяқшалардың (бас
бармаққа ілігетін кию көмекшісі) үстіңгі ұшынан
ұстап
, бандажды тізеңіздің үстіне тартып,
1
пелотты тізе қақпағын қыспай айналдыра
қоршап тұратындай етіп кигізіңіз.
–
2
4
Бандажды тек бір жағымен (сол немесе оң жоқ)
ғана қолдануға болатынын ескеріңіз. Пелоттың
ұзын бөлігі тізенің ішкі жағына қарап тұруы тиіс.
Күмәнді жағдайда тігістегі заттаңба бұйымның
дұрыс жағын көрсетеді.
2. Қажет болса, бандаждың орналасу қалпын
дұрыстаңыз.
3. Бандажды өзге көмекші құралдарды қолдану
арқылы киюге болмайды, олар бұйымның
силикон қабатының бұзылуына алып келуі
мүмкін.
Шешу
Бандажды шешу үшін оның астыңғы жиегіндегі
таяқшалар тұсынан ұстап төмен тартыңыз.
5
Бұйымды тазалау бойынша нұсқаулар
Жуу үшін жұмсақ жуғыш құралды және кір
жуғыш торды пайдаланыңыз. Бұйымға
ыстықтың / суықтың тікелей әсер етуіне жол
бермеңіз. Сондай-ақ бұйымның үстіңгі жиегіне
қосылып тігілген заттаңбадағы нұсқауларға назар
аударыңыз. Жүйелі күтім бұйымның оңтайлы
әсерін қамтамасыз етеді.
Кінәрат-талаптарыңыз болған жағдайда, тек
мамандандырылған дүкенге ғана жүгініңіз. Таза
күйінде әкелінген тауар ғана кепілдік өңдеуге
қабылданатынын ескертеміз.
Қайта қолдану бойынша нұсқаулар
Бұл өнім бір пациентке жеке күтім көрсетуге
арналған.
Кепілдік
Бұйым сатып алынған елдің заңнамалық
ережелері қолданылады. Кепілдік жағдайы
орын алды деп ойласаңыз, алдымен бұйымды
сатқан сатушыға тікелей хабарласыңыз. Кепілдік
қызметке жүгінбес бұрын бұйымды тазалап алу
қажет. GenuTrain A3 бандажын тұтыну және
күту бойынша нұсқаулар орындалмаған болса,
өндірушінің кепілдігі шектелуі немесе күшін
жоюы мүмкін. Келесі жағдайларда кепілдіктің күші
жойылады:
• Бұйымның тағайындалған мақсатына сай емес
қолданылуы
• Кәсіби маманның нұсқауларын орындамау
• Бұйымға өз бетінше өзгеріс енгізу
Жауапкершіліктен бас тарту
Медицина маманы болмасаңыз, өз-өзіңізге
диагноздар қоймаңыз немесе өз бетіңізше ем
жүргізбеңіз. Медициналық бұйымды алғаш
қолданар алдында міндетті түрде дәрігердің
немесе кәсіби маманның кеңесіне жүгініңіз,
тек осылай ғана бұйымымыздың денеңізге
әсерін бағалауға және жеке конституцияңызға
байланысты туындауы мүмкін қолдану
* Кәсіби маман — қолданыстағы ұлттық ережелерге сәйкес бандаждар мен ортездерді шақтап
бейімдеуге және олардың қолданылуы бойынша нұсқаулар беруге рұқсаты бар кез келген тұлға.
KK
тәуекелдерін анықтауға болады. Аталған кәсіби
мамандардың кеңесін, сондай-ақ осы құжаттағы
барлық нұсқауларды / немесе олардың (кейде
үзінді түріндегі) онлайн кескіндерін (мәтіндерді,
суреттерді, кестелерді және т.б.) орындаңыз.
Кәсіби маманмен кеңескеннен кейін жауап
алынбаған сұрақтарыңыз қалған болса,
дәрігеріңізге, сатушыға немесе тікелей бізге
хабарласыңыз.
Хабарлау міндеттемесі
Жергілікті заңнама талаптарына сәйкес сіз осы
медициналық бұйымды пайдалану барысында
орын алған кез келген ауыр оқиға туралы
өндірушіге де, құзырлы органға да хабарлауға
міндеттісіз. Байланыс деректеріміз нұсқаулықтың
артқы бетінде көрсетілген.
Утилизациялау
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін бұйымды
утилизациялау жергілікті ережелерге сәйкес
жүзеге асырылады.
Материалының құрамы:
Силикон (SI), Полиамид (PA), Термопластикалық
полиуретан (TPU), Эластан (EL), Мақта (CO),
Термопластикалық эластомер (TPE-SEPS),
Полиуретан (PUR), Полиэстер (PES)
– Medical Device (медициналық бұйым)
– UDI ретіндегі деректер матрицасының
жіктеуіші
55
2024-02