Download Print deze pagina

Stihl GHE 150 Gebruiksaanwijzing pagina 585

Advertenties

Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 77
11.7 Пышақтарға қызмет
көрсету
Жарақат алу қаупі
бар!
Тек жақсылап тағылған
қолғаппен жұмыс
істеңіз!
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
әр пайдаланудан бұрын
● Тиеу шұңғымасын бөлшектеңіз.
( 11.3)
● Дискілі пышақты бекітіңіз. ( 11.4)
● Пышақтарда зақым тию (жарықтар
мен сынықтар) мен тозу белгілерінің
болмауын тексеріңіз және қажет
болған жағдайда бұрыңыз немесе
ауыстырыңыз.
Пышақ тозуының шегі:
Тозудың шегіне жетпес бұрын
тиісті пышақтарды бұру немесе
ауыстыру қажет. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
1 Бұрылмалы пышақ
● Пышақтың бірнеше жерінен тесіктен
пышақтың шетіне дейінгі
қашықтықты (A) өлшеңіз.
Минималды қашықтық:
A = 6 мм
2 Қалақ-пышақ
● Қалақ-пышақтың иілген шетінде
пышақ енін (B) өлшеңіз.
Пышақтың мин. ені:
B = 15 мм
0478 201 9913 D - KK
3 Қалақ-пышақ (GHE 250, GHE 260)
● Қалақ-пышақтың иілген шетінде
18
пышақ енін (C) өлшеңіз.
Пышақтың мин. ені:
C = 19 мм
4 Бөлгіш пышақ (GHE 250, GHE 260)
● Бөлгіш пышақтың иілген шетінде
пышақ енін (D) өлшеңіз.
Пышақтың мин. ені:
D = 13 мм
11.8 Пышақты бұру
Мұқалған бұрылмалы пышақ бір
рет пайдаланылуы мүмкін.
Әрқашан пышақтардың екеуін де
бұрыңыз!
● Пышақтар жинағын бөлшектеңіз.
( 11.5)
● Бұрандаларды (1) босатыңыз және
гайкалармен (2) бірге бұрап
шығарыңыз.
● Пышақты (3) жоғары қарай
шығарыңыз.
● Дискілі пышақты тазалаңыз.
● Пышақты (3) бұрыңыз, оны дискілі
пышаққа кері бетімен орнатыңыз
және тесіктердің орналасуын
реттеңіз.
● Бұрандаларды (1) саңылаулар
арқылы орнатыңыз және
гайкаларды (2) бұрап тартыңыз.
Гайкаларды (2) 10 Нм созылу
мезетімен бекемдеңіз.
● Пышақтар жинағын орнатыңыз.
( 11.6)
Пышақтарды қайрау:
Барлық ұсақтағыш пышақтарды
тек ресми делдал
қызметкерлеріне қайтаруға кеңес
береміз. Өтпей қалған және
дұрыс қайралмаған пышақтар
(жүзінің бұрышы дұрыс емес,
біркелкі қайралмаған
пышақтардың әсерінен
теңгерімсіздік және т.б.) кері
соққылардың туындау қаупін
арттырады. Пайдаланушы кері
лақтырылған ұсақталатын
материалдан ауыр жарақат алуы
мүмкін. Сонымен бірге бақша
19
ұсақтағышының жұмысы
(ұсақталатын материалды
қабылдауы, пышақтардың
орналасу тұрақтылығы және т.б.)
нашарлауы мүмкін.
Жүздерінің екі жағы да өтпей қалған
пышақтарды жұмысты жалғастырмас
бұрын қайрау қажет.
Құрылғының оңтайлы жұмысына
кепілдік беру үшін пышақтарды тек
кәсіби маманға ғана қайтару қажет.
STIHL компаниясы STIHL
делдалдарына жүгінуге кеңес береді.
● Қайрау үшін пышақтарды шешіп
алыңыз.
● Қайрау кезінде пышақтарды,
мысалы, сумен суытып отыру қажет.
Металдың көк түске боялуына жол
бермеңіз, себебі бұл пышақ жүзінің
төзімділігін төмендетеді.
● Теңгерімсіздіктен дірілдердің
туындауын болдырмау үшін
пышақтарды біркелкі етіп қайраңыз.
583

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Ghe 250Ghe 250 sGhe 260Ghe 260 s