Download Print deze pagina

Stihl GHE 150 Gebruiksaanwijzing pagina 576

Advertenties

Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 77
Жарақат алу қаупі бар!
Құрылғының жұмысы кезінде
ұсақталған материал кері
лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы бетін, көзі мен
қолын ауып жарақаттап алуы
мүмкін. Сондықтан қорғаныш
көзілдірік пен қорғаныш қолғап
( 4.3) киіңіз және басыңызды
тиеу тесігінен алшақ ұстаңыз.
Бензин немесе электр қозғалтқышы
жұмыс істеп тұрған құрылғыны
еңкейтуге болмайды.
Жұмыс уақытында құрылғы құлаған
жағдайда, электр қозғалтқышты дереу
сөндіріп, желілік штекерді суырып
алыңыз.
Лақтырма астаушасында ұсақталатын
материалдың кептеліп қалмауын
қадағалаңыз, себебі бұл ұсақтау
нәтижесінің нашарлауына немесе кері
соққыларға алып келуі мүмкін.
Бақша ұсақтағышына ұсақталатын
материал салған кезде ұсақтау
камерасына металл бөлшектер, тастар,
пластик заттар, шыны және т.с.с. бөтен
заттардың салынбауын қадағалаңыз,
себебі бұл құрылғының зақымдануына
және тиеу шұңғымасынан кері
соққылардың берілуін алып келуі
мүмкін.
Жарақат алу қаупі бар!
Пайдаланушы кері ұшқан
ұсақталатын материал мен бөтен
заттардан ауыр жарақат алуы
мүмкін. Құрылғыға бөтен заттар
салмаңыз және материалдың
кептелуін бірден жөндеп
отырыңыз.
574
Жарақат алу қаупі бар!
Бақша ұсақтағышына кесілген
бұтақшаларды салған кезде кері
лақтыруы мүмкін. Пайдаланушы
кері лақтырылған ұсақталатын
материалдан ауыр жарақат алуы
мүмкін. Қорғаныш қолғап пен
көзілдірік ( 4.3) киіңіз!
Кескіш құрал
ажыратылғаннан кейін толық
тоқтағанға дейін біршама
уақыт өтетінін естен
шығармаңыз.
Электр қозғалтқышты сөндіріңіз, желілік
штекерді суырыңыз және барлық
жылжымалы құралдардың тоқтағанын
күтіңіз.
– Сіз құрылғыны қалдырмас бұрын
немесе ол қараусыз қалар алдында
– Құрылғының орналасқан жерін
ауыстырудың алдында, құрылғыны
алып барып, төңкеріп, жылжытып
немесе тартуыңыз керек,
– бұрандалы бітеуішті босатыңқырар
және құрылғыны ашар алдында,
– құралды тасымалдар алдында,
– бітеуіштерді немесе кескіш бөліктегі,
суарма шұңғымадағы немесе қоқыс
түсіріп тастауға арналған
арналардағы қоқыстарды кетірер
алдында,
– дискілі пышақпен жұмыс істер
алдында,
– құрылғы тексеріліп немесе
тазаланып жатқанның алдында,
басқа да жұмыстарды өткізердің
алдында.
Егер кескіш құралға бөгде заттар кіріп
кетсе, құрылғыдан бөтен дыбыстар
шықса немесе ол әдеттегіден тыс
дірілдесе, электр қозғалтқышты
сөндіріп, құрылғының сөнгенін күтіңіз.
Желілік штекерді суырып алыңыз, тиеу
шұңғымасын алып тастаңыз да, келесі
қадамдарды орындаңыз:
– Құрылғыда, әсіресе кескіш бөліктің
(пышақ, дискілі пышақ, пышақтың
қысқышы, пышақ бұрандамасы,
қысқыш шығыршық) бетінде
зақымдардың немесе тозған
жерлердің бар-жоғын тексеріңіз де,
құрылғыны қосар және онымен
жұмыс істер алдында кәсіпқой
мамандарға жөндеу және
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын өткізуге рұқсат беріңіз.
– Кескіш бөліктің барлық бөлшектері
дұрыс орнатылғанын тексеріңіз де,
қажет болса, бұрандаларын
қаттырақ тартыңыз (созылу мезетін
ескеріңіз).
– Зақымдалған және тозған
бөлшектерді кәсіби маманға
ауыстыруға немесе жөндеуге беріңіз,
бөлшектердің сипаттамалары бір-
біріне сәйкес келуі керек.
4.7 Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Техникалық қызмет
көрсетудің алдында (тазарту,
жөндеу және т.б.) және
қосатын сымның күйін
тексерер алдында ұсақтағышты тегіс
орынға орнату қажет, электр
қозғалтқышты сөндіріп, желілік
штекерді суырып алыңыз.
Техникалық қызмет көрсету алдында
құрылғыға суу үшін 5 минут уақыт
беріңіз.
0478 201 9913 D - KK

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Ghe 250Ghe 250 sGhe 260Ghe 260 s