Электр қозғалтқышының жеткілікті
түрде суытылуын қамтамасыз ету үшін,
электр қозғалтқышының корпусындағы
ауа суытқыш жетекті (саңылау жылу
алмасқышы) кірден тазартыңыз.
Қысыммен аққан суды
электр қозғалтқыштың
немесе іштен жанатын
қозғалтқыштың
бөлшектеріне, сонымен
қатар тығыздауыштарға, мойынтіректер
орнатылған жерлерге және электр
бөлшектеріне, мысалы, ажыратқышқа
бағыттауға тыйым салынады. Бұл
қымбат жөндеу қажеттілігін тудырады.
Жиналып қалған батпақ пен
органикалық қалдықтар
қылшақпен, ылғалды
матамен немесе ағаш
таяқпен тазаланбаса, STIHL
компаниясы арнайы тазалағыш
құралды пайдалануды ұсынады
(мысалы, арнайы STIHL тазартқыш
құралы).
Агрессивті жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз.
Дискілі пышақтарды тұрақты тазалап
тұру қажет.
11.2 Тиеу шұңғымасын орнату
Бұрандалы тығындар тиеу
шұңғымасымен берік біріктіріледі.
● Тиеу шұңғымасын (1) негізгі
құрылғыдағы (2) бекіту ілмектеріне
іліп, алға қарай еңкейтіңіз.
● Екі бұрандалы тығынды (3) бір
мезгілде бұрап бекітіңіз.
582
11.3 Тиеу шұңғымасын
бөлшектеу
● Екі бұрандалы тығынды (1)
еркін айналмағанша босатыңыз.
Олар тиеу шұңғымасында қалады
● Тиеу шұңғымасын (2) артқа қарай
еңкейтіңіз және шығарыңыз.
11.4 Дискілі пышақты бекіту
Жарақат алу қаупі
бар!
Тек қолғап киіп жұмыс
істеңіз!
Пышаққа тоқтамағанша тимеңіз.
● Тиеу шұңғымасын бөлшектеңіз.
( 11.3)
● Дискілі пышақты (1) ойық (2) бұғаттау
құрылғысының (3) алдында
орналасатындай етіп бұраңыз.
● Бұғаттау құрылғысын (3) жоғары
қарай аудартыңыз.
11.5 Пышақтар жинағын
бөлшектеу
● Дискілі пышақты (5) бекітіңіз.
14
( 11.4)
● Бұранданы (1) комбинациялық
кілтпен (V) босатыңыз.
● Бұранданы (1), бекіту шайбасын (2),
қысқыш шығыршықты (3), қалақ-
пышақты (4), қалақ-пышақты (6, тек
қана GHE 250 және GHE 260
үлгілерінде) және дискілі
пышақты (5) алып тастаңыз.
● Бұрылмалы пышақты бөлшектеңіз.
( 11.8)
15
● GHE 250 және GHE 260:
Бұрандаларды (7) босатыңыз және
гайкалармен (9) бірге бұрап
шығарыңыз. Бөлгіш пышақты (8)
астына қарай шығарыңыз.
11.6 Пышақтар жинағын орнату
Орнату реттілігі мен берілген
16
созылу мезетін міндетті түрде
ұстаныңыз.
● Бұрылмалы пышақты дискілі
пышаққа орнатыңыз. ( 11.8)
● GHE 250 және GHE 260: Бөлгіш
пышақты (8) дискілі пышақтың (5)
төменгі жағына орналастырыңыз
және гайкалармен (9) және
бұрандалармен (7) бекемдеңіз
(10 Нм).
● Дискілі пышақты (5) корпусқа
орнатып, бекітіңіз. ( 11.4)
● Қалақ-пышақты (6, тек қана GHE 250
және GHE 260 үлгілерінде), қалақ-
пышақты (4), қысқыш
шығыршықты (3) және бекіту
шайбасын (2) орнатыңыз және
17
бұрандамен (1) бекемдеңіз (50 Нм).
● Бұғаттау құрылғысын артқа
аудартыңыз, нәтижесінде дискілі
пышақ еркін айнала алады. ( 11.4)
● Тиеу шұңғымасын орнатыңыз.
( 11.2)
0478 201 9913 D - KK