Құрылғыны тек жүріс жылдамдығымен
тартуға немесе тасуға болады.
Сүйретпеңіз!
Құрылғыны тасымалдау кезінде, атап
айтсақ, жүктеу тұғырнамаларында
жүктің және тасымалданатын заттың
қауіпсіздігіне қатысты жергілікті
заңдардың талаптарын орындау қажет.
4.5 Жұмысты бастамас бұрын
Құрылғыны пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқып шыққан адамдар
ғана пайдаланатынына көз жеткізіңіз.
ІЖҚ мен электр қозғалтқышпен
жабдықталған бақ аспаптарын
пайдалану ережелерін сақтаңыз.
Құрылғыны пайдаланар алдында
ақаулы, сондай-ақ тозған және бүлінген
бөлшектерді алмастыру қажет.
Құрылғыдағы анық емес немесе
зақымдалған қауіп және ескерту
белгілерін жаңартыңыз. Өз
қалаңыздағы STIHL делдалында
қосалқы жапсырмалар мен барлық
басқа қосалқы бөлшектер қолжетімді.
Жарақат алу қаупі бар!
Тозған немесе зақымдалған
бөлшектер (мысалы, өтпей
қалған пышақтар) құрылғының
қауіпсіздігіне кері әсер етуі және
пайдаланушының
жарақаттануына алып келуі
мүмкін.
Қолданысқа енгізер алдында
төмендегілерді тексеру және
қамтамасыз ету қажет:
572
– Құрылғының қауіпсіз жұмыс жүргізуге
жарамдылығын. Бұл қаптамалар мен
сақтандырғыш құрылғылардың өз
орындарында орналасуын және
мінсіз күйде екендігін білдіреді.
– Ток көзіне жалғау үшін талаптарға
сәйкес орнатылған розетка
қолданылады.
– Жалғағыш және ұзартқыш
сымдардың оқшаулағышының,
штекердің және жалғастырғыштың
мінсіз күйде екендігін.
– Жалпы құрылғыда (электр
қозғалтқышының корпусы, қорғаныш
жабдықтар, бекіткіш элементтер,
пышақтар, пышақ білігі, дискілі
пышақтар және т.б.) ешқандай
зақымдану және тозу белгілерінің
жоқ екендігін.
– Құрылғы ішінде ұсақталатын
материалдың болмауын және тиеу
шұңғымасының бос болуын.
– Барлық бұрандалардың,
сомындардың және басқа бекіткіш
элементтердің орнында болуын және
бұрап тартылғанын. Қолданар
алдында босаған бұрандалар мен
сомындарды бұрап тартыңыз (бұрап
қатыру сәтін қадағалаңыз).
Құрылғыны тек ашық аспан астында,
қабырға мен басқа да қозғалмайтын
объекттерден алшақ жерде
пайдаланыңыз, жарақат алу қаупін
және мүлікті зақымдау қауіпін
төмендету үшін (пайдаланушы үшін
жеткіліксіз жұмыс аймағы, шыны
сындыру, автокөлікті сызып алу және
т.б.).
Құрылғы тегіс әрі жатық қабатты
орнықты тұруы керек.
Құрылғыны тастар мен қиыршық
тастарға орнатып пайдалануға тыйым
салынған, ұшқындайтын материалдан
жарақат алуы мүмкін.
Әр ретте бастаған кезде құрылғы тиісті
түрде жабылғандығына көз жеткізіңіз.
( 11.2)
Қауіпті жағдайда тез әрекет етуге
арналған ажыратқыштардың
орналасқан жерін есте сақтаңыз.
Суарма шұңғыманың, шашырандыдан
қорғайтын панельдері бүтін болуы тиіс
және суарма тесікті толықтай жауып
тұруы тиіс, зақымданған
шашыратқышты айырбастау керек.
Жарақат алу қаупі бар!
Құрылғыны тек дұрыс жиналған күйде
ғана пайдалануға болады. Құрылғыда
бөлшектер (мысалы , дөңгелектер) жоқ
болса, белгіленген қауіпсіз қашықтық
сақталып тұрмайды, сонымен қатар,
құрылғының тұрақтылығы азаюы
мүмкін.
Іске қосу алдында тиісті қашықтықты
бақылап тексеріңіз!
«Дұрыс жинау» деген сөздің
мағынасына тек құрылғыда барлық
бөлшектердің орнатылуы деп қана
түсінуге болмайды, сонымен қатар
келесі әрекеттерді жасау:
– Шұңғыманың жоғарғы бөлігі
төменгісіне орнатылған,
– тиеу шұңғымасы негізгі құрылғыға
орнатылған және екі бұрандалы
тығын да тартылған,
– Дөңгелек тірегі орнатылған,
– екі дөңгелегі де орнатылған,
0478 201 9913 D - KK