Download Print deze pagina

Stihl GHE 150 Gebruiksaanwijzing pagina 573

Advertenties

Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 77
Электр сымдарын жөндеу мен
айырбастауды тек арнай оқытылған
қызметкерлер ғана жүзеге асыру керек.
Ток соғу қаупі бар!
Зақымдалған сымды қуат көзіне
қосуға тыйым салынады және
оны тек электр желісінен
ажыратылған күйде ұстауға
болады.
Кескіш блоктарға (пышақтарға) тек
аспап сөніп тұрғанда ған қол тигізуге
болады.
Электр желісі сәйкес
сақтандырғыштармен қорғалуын үнемі
қадағалап отырыңыз.
Жаңбыр жауып тұрғанда
немесе ылғалды ортада
жұмыс істеуге тыйым
салынады.
Ашық аспан астында жұмыс істеген
кезде тек құрылғыға келетін ( 10.1), су
өткізбейтін ұзартқыш шоғырсымды
қолданыңыз.
Электр қуатының сымын ашаны
розеткадан алып тастау арқылы
сөндіріңіз. Электр сымын тартуға
тыйым салынады.
Құрылғыны жаңбырдың астында
қалдырмаңыз.
Егер құрылғы генератор агрегатына
қосылса, токтың ауытқуына орай оның
зақымданбауын қарап отырыңыз.
Құрылғыны максималды ажырату тогы
30 мА балқымалы сақтандырғышпен
қорғалған электр қуатының көзіне
жалғап қосуға болады. Қосымша
мәліметтерді электрмонтаждаушыдан
алуға болады.
0478 201 9913 D - KK
4.3 Киім және әбзел
Құрылғымен жұмыс істеу үшін
табаны сырғанамайтын
жабық аяқ киім киіңіз. Жалаң
аяқ немесе сандалдармен жұмыс
істеуге тыйым салынған.
Жұмыс кезінде және әсіресе
техникалық қызмет көрсету
және құрылғыны тасымалдау
кезінде әрқашан жабық
белбеуі бар қорғаныш былғары қолғап
киіңіз.
Жұмыс кезінде әрқашан
тығыз қорғаныш көзілдірігін
киіп жүріңіз.
Жарамды қорғаныш
көзілдірігінің механикалық
беріктігі EN 166 стандарты
немесе ұлттық нұсқамаларға
сәйкес тексерілген және оның тиісті
сауда таңбаламасы бар.
Жұмыс істеген кезде әрдайым
қорғаныш құлаққаптарын киіп
жүріңіз.
Жарамды қорғаныш
құлаққаптары EN 352
стандарты немесе ұлттық
нұсқамаларға сәйкес
тексерілген және оның тиісті сауда
таңбаламасы бар.
Екеуін де жұмыс аяқталғанша киіп
жүріңіз.
Құрылғымен жұмыс істеген
кезде денеге жабысып
тұратын сәйкес киім киіңіз,
мысалы, жұмыс халатының
орнына комбинезон. Ұсақтағышпен
жұмыс істегенде шәлі тарту, галстук,
әшекейлер тағуға, бос жіберілген
ленталар мен басқа да сыртқа шығып
тұратын киім элементтерін киюге тыйым
салынады.
Аспаппен жұмыс істегенде, және де
оған қызмет көрсеткенде ұзын
шаштарды байлап, бас киім (жаулық,
кепка және т.б.) астына жасыру қажет.
4.4 Құрылғыны тасымалдау
Құрылғының үшкір және ыстық
бөліктерінен жарақат алмау үшін тек
қорғаныш қолғаптармен ғана ( 4.3)
жұмыс істеңіз.
Электр қозғалтқышы қосулы тұрған
құрылғыны тасымалдамаңыз.
Тасымалдар алдында электр
қозғалтқышты сөндіріңіз, пышақтың
тоқтауын күтіңіз және тұтандыру
білтесінің түйіспелі ұштығын суырып
алыңыз.
Құрылғыны тек оның электр
қозғалтқышы суығаннан кейін ғана
тасуға болады.
Құрылғыны тек тиісінше орнатылған
тиеу шұңғымасымен тасымалдаңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Пайдаланушы бос жатқан
пышақтардан жарақат алуы
мүмкін.
Әсіресе еңкейту кезінде құрылғының
салмағын ескеріңіз.
Сай келетін жүктеу механизмдерін
(жүктеу тұғырнамаларын, жүк көтергіш
қондырғыларды) пайдаланыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген орындарды пайдалана
отырып, ұсақтағышты сәйкес келетін
құралдармен (баулармен, қайыстармен
және т.б.) бекіту керек. ( 12.)
571

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Ghe 250Ghe 250 sGhe 260Ghe 260 s