– Барлық қорғаушы құралдар
(лақтырманың астаушасы,
шашырандыдан қорғайтын
панельдер және т.б.) орнатылған
және жұмысқа жарамды,
– шапқыш бөлік (дискілі пышақ)
орнатылған,
– барлық пышақтар дұрыс орнатылған.
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды.
Зақымдар мен майысқан жерлерінің
бар-жоғын тексеру арқылы дискілі
пышақты тексеріңіз және қажет
болғанда ауыстырыңыз.
4.6 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
әсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
және әсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дәрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
0478 201 9913 D - KK
Жұмыс барысында жұмыс аймағында
өзге заттар мен батпақ болмау керек.
Сүрініп кетуге болатын барлық
заттарды алып тастаңыз: тастар,
бұтақтар, сымдар және т.б.
Пайдаланушының орны ұсақтағышты
орналастырған орыннан жоғары
болмауы тиіс.
Іске қосу:
Іске қосар алдында құрылғыны сенімді
вертикалды күйде орналастырыңыз.
Горизонталды күйде пайдалануға
тыйым салынған.
«Құрылғыны қолданысқа енгізу»
бөлімінің нұсқауларын сақтай отырып,
құрылғыны абайлап қосыңыз. ( 10.)
Бензинді немесе электр моторды іске
қосқан кезде материалдарды тастауға
арналған саңылаудың алдында тұруға
болмайды. Сөндірген кезде бақша
ұсақтағышының ішінде өңделіп жатқан
материалдар қалып қоймауы тиіс. Бұл
жағдайда материал сыртқа тасталып,
адамдарға зақым келтіруі мүмкін.
Бастау кезінде құрылғыны аударуға
болмайды.
Қысқа уақыт аралығында, жиі қосуды,
атап айтсақ қосу / сөндіру «ойындарын»
болдырмаған жөн.
Электр қозғалтқышының қызып кету
қаупі!
Ұсақтағышты қосу салдарынан болған
қуаттың тұрақсыздығы үшін желінің
белгілі бір параметрлерінде осы электр
желісіне қосылған басқа құрылғылар
істен шығуы мүмкін.
Бұл жағдайда келесі әрекеттерді
орындау қажет (мысалы, аспапты басқа
электр желісіне немесе кедергісі ең
төмен желіге қосуға болады).
Жұмыстың басталуы:
Жарақат алу қаупі бар!
Айналмалы бөлшектерге
қолдарыңызды немесе
аяқтарыңызды тигізуге
болмайды.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
бетіңізді немесе денеңіздің басқа да
бөліктерін суарма шұңғымасының және
қалдықтарды түсіріп тастауға арналған
бұрғы құдығының үстінде ешқашан
ұстамаңыз. Басыңыз бен денеңізді
жүктеу бұрғы құдығынан әрірек ұстаңыз.
Қолыңыз, денеңіздің басқа
бөліктері немесе киіміңізді
суарма шұңғымаға немесе
қалдықтарды түсіріп тастауға
арналған бұрғы құдығының ішіне
сұқпаңыз. Көз, бет, саусақ, алақан және
т.б. мүшелерге жарақат келтірілу қаупі
бар.
Тіреуші үстіңгі бетке үнемі сүйеніңіз
және тиісті тепе-теңдікті сақтаңыз.
Қолдарыңызды құрылғының үстінен
шығармаңыз.
Пайдаланған кезде шашыраудан
қорғайтын панельдерімен пайдалануға
тыйым салынған. (мысалы, шығару,
лақтыру, бекіту, сындыру).
Материалды салған кезде
пайдаланушы нұсқалған жұмыс
аймағында болу керек. Ұсақтағыш
жұмыс істеп тұрғанда пайдаланушы
жұмыс аймағында болуы тиіс, лақтыру
аймағында болуға тыйым салынған.
( 8.4)
573