Производитель сохраняет за собой право
изменять дизайн и технические характеристики
устройства без предварительного уведомления.
Срок службы прибора – 3 года
Данное изделие соответствует всем требуемым
европейским и российским стандартам
безопасности и гигиены.
Изготовитель:
Компания Тиметрон Австрия (Timetron GesmbH)
Адрес:
Раймундгассе 1/8, 1020, Вена, Австрия
(Raimundgasse 1/8, 1020 Vienna, Austria)
Сделано в Китае
Дата производства указана на упаковке
Уполномоченное изготовителем лицо:
ООО «Грантэл»
143912, Московская область, г.Балашиха,
Западная коммунальная зона, ул. Шоссе
Энтузиастов, вл. 1а, пом. Д002, ком. 51
тел. +7 (495) 297 50 20
В случае неисправности изделия необходимо
обратиться в ближайший авторизованный
сервисный центр.
За информацией о ближайшем сервисном
центре обращайтесь к продавцу.
Экологическая утилизация: Вы можете
помочь защитить окружающую среду!
Помните о соблюдении местных правил:
Отправьте неработающее электрооборудование
в соответствующие центры утилизации.
40
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА
ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар алдында
осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз және
оларды кейінірек пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы жерге тұйықталса (I қорғаныс
класы), розетка және жалғанған кез келген
ұзартқыш жерге тұйықталуы керек.
• Сым үстел немесе тақтай шетінен салбырап
тұрмауы тиіс. Сымды ыстық беттерге
тигізбеңіз.
• Бұл құрылғының ешбір бөлігін (газ не электр
оттығы немесе қыздырылатын пеш сияқты)
ыстық бетте немесе оған жақын жерде
қолданбаңыз және қоймаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Қолданған соң, тазалау алдында және ақау
пайда болған жағдайда, құрылғыны міндетті
түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек болса,
штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және
физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі не тәжірибесі мен білімі аз адамдар
пайдалана алады, алайда оларға қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқау беру және қадағалау
қажет, сондай-ақ олардың қауіп-қатер барын
түсінуі — шарт. Балалар құрылғымен ойнамау
керек. Тазалау және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын балалар жүргізбеуі
тиіс, тек 8 жастан асса және ересектердің
қадағалауымен ғана орындауға болады.
Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған
балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда пайда
болған қандай да бір зақым үшін біз жауапты
болмаймыз.
• Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
ӨНІМГЕ ШОЛУ ЖАСАУ
(А сур.)
1. Үстіңгі қақпақ
2. Құты мен қақпақ
3. Ашытатын ыдыс
4. Қуат сымы
5. Басқару панелі
6. Temp шамы (температура)
7. Time шамы (уақыт)
8. [Set/View] түймесі (Орнату/көру)
9. [Start/Cancel] түймесі (Бастау/бас тарту)
10. [+]/[-] түймелері
НЕГІЗГІ ЙОГУРТ РЕЦЕПТІСІ
(B сур.)
1. Құтылардың стерильденгеніне,
ингредиенттердің балғын және жарамдылық
мерзімдерінің өтпегеніне көз жеткізіңіз.
2. Кәстрөлге 1 литр сүт/соя сүтін құйып,
стерильдеу үшін оны кемінде 90°C дейін
қыздырыңыз. (Егер сіз стерильденген
сүтті, мысалы, ультрапастерленген сүтті
пайдалансаңыз, бұл қадамның қажеті жоқ)
3. Ыстық сүтті әр құтыға біркелкі құйып, оны
40°C-тан төмен салқындатыңыз.
4. Содан кейін әр құтыға тірі, белсенді йогурт
дақылдары бар 5 г табиғи йогурт/соя йогуртын
қосыңыз немесе балама түрде әр құтыда
йогурт ұнтағын араластырыңыз - дұрыс
мөлшерін біліп алу үшін йогурттың бастапқы
пакетіндегі сипаттаманы қараңыз.
КЕҢЕСТЕР:
• Сүтте май неғұрлым көп болса, дайын өнім
соғұрлым қою болады.
• Ашыту уақытын қысқарту және біркелкі жылу
беру үшін ашытатын ыдыстың жартысына
дейін жылы су құюға болады.
41