4
Тексеру
Ескерту!
Әрбір қолданыстан бұрын және кейін касканы тексеріңіз. Каскада тозудың немесе
зақымдалудың келесі белгілерінің бірі көрінетін болса, оны дереу қолданыстан алып тастаңыз.
Соққыдан немесе енуден кейін каскаңызды әрдайым ауыстырыңыз. Бұл ескертулерді
орындамау ауыр жарақатқа не өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Корпуста зақымның, сынықтың, жарықтың, түссізденудің, ағарған жерлерінің немесе басқа да
әдеттен тыс жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Корпуста осы жағдайлардың кез келгені
болатын боса, касканы дереу қолданыстан шығарыңыз. Бұл жағдайлар касканың соққыдан,
енуден және/немесе электр тогының соғуынан қорғау қабілеттерінің жоғалғандығын көрсетеді.
Аспа иілгіштігінің жоғалмағанын, шытынамағанын, сынбағанын, баулардың ескірмегенін немесе
тігістердің зақымдалмағанын тексеріңіз. Егер аспада осы жағдайлар байқалса, оны дереу
ауыстырыңыз. Иек бауында жіптің жетіспеуі, кесілуі, тозуы немесе тігістердің жыртылуы секілді
жағдайлардың бар-жоғын тексеріп алыңыз. Иек бауындағы жабдықта сыну, шытынау, түссіздену
немесе кез келген басқа да әдеттен тыс жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Иек бауында
немесе жабдықта осы жағдайлардың бірі байқалатын болса, иек бауын дереу ауыстырыңыз.
Құтқару ысқырығының бітелмегенін немесе зақымданбағанын тексеріңіз. Дұрыс жұмыс істеп
тұрғанына көз жеткізу үшін, ысқырықты үрлеңіз. Егер құтқару ысқырығы зақымдалған немесе
сынған болса, иек бауын ауыстырыңыз. Көбікті төсеніштің корпусқа бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Көбікті төсініште жарықтың немесе зақымның бар-жоғын тексеріңіз. Егер көбікті төсеніш
зақымдалған болса, касканы дереу қолданыстан шығарыңыз.
5
Техникалық қызмет көрсету
Ескерту!
Каскаға бояу еріткіштерді, ерітінділерді немесе метилэтилкетон (МЭК), бензин немесе керосин
секілді көмірсутек түріндегі тазартқыштарды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл заттар көзге көрінбейтін
зақым тудыруы мүмкін.
Бұл ескертуді орындамау ауыр жарақатқа не өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Касканың жерге ҚҰЛАТЫП АЛМАҢЫЗ және оны сүйеніш ретінде пайдаланбаңыз. Касканы
қажетті тексерісті өткізу үшін үнемі тазалап тұрыңыз. Каска жинағын және ішкі бауды тазалау
үшін MSA Confidence Plus
жұмсақ сабын мен жылы суды қолданыңыз. Касканы тазалау үшін тазалау құралдарын
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Терінің тітіркенуін болдырмау үшін аспаны таза ұстаңыз. MSA компаниясы
аспаны 12 ай, ал корпусты 5 жыл пайдаланғаннан кейін ауыстыруды ұсынады.
Бүлінген жабдықты жергілікті ережелерге сай қоқысқа тастаңыз. Касканың
корпусын қайта өңдеуге жіберуден бұрын, аспаны, иек бауын, жеңіл қысқыштар
мен керек-жарақтарды алып тастаңыз.
6
Сақтау және өнімнің қызмет ету мерзімі
бірінші пайдаланған күнін касканың ішкі жағындағы жапсырмаға жазып қоюды ұсынады.
®
тазалау ерітіндісін (бөлшек № 10009971 немесе 10032737) немесе
®
V-Gard
H1 қауіпсіздік каскасы
Жылу, суық, химикаттар мен күн
сәулесі бұл касканың электрлік және
95°F
(35°C)
механикалық сипаттарына әсерін
41°F
тигізеді. V-Gard H1 қауіпсіздік
(5°C)
каскаларының қызмет ету мерзімі —
5 жыл. Каскаларды 2 жылға дейін
сақтауға болады. MSA компаниясы
Тексеру
KZ
65