Аспаны реттеу
ANSI/ISEA Z89.1, CSA Z94.1 E және G класты, EN 50365:2002 0 класты каскалар электр тогының
пайдаланушы басы мен денесі арқылы өтуін болдырмау арқылы электр тогының соғуынан
шектеулі қорғаныспен қамтамасыз етеді. Бұл касканың жалғыз өзін пайдалануға БОЛМАЙДЫ.
Қауіпті әрекетте қолдануға болатын басқа оқшаулайтын қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз.
Касканы пайдалану кезінде пайда болатын номиналды кернеу касканың электрлік
шектеулерінен аспайтынына көз жеткізіңіз.
ANSl/ISEA Z89.1 және CSA Z94.1 C класты каскалары электрлік қорғанысын қамтамасыз
етпейді.
Electrostatic-INERIS каскаларын келесі қауіпсіз пайдалану шарттарын орындап пайдалану керек:
- Электрстатикалық зарядтар үздіксіз болуы үшін, тері жанасуы арқылы каска мен жер арасында
электрлік үздіксіздік қамтамасыз етілуі тиіс.
- Өткізгіштік жерге тұйықталған немесе электрстатикалық зарядтар бәсеңдеткіші бар жеке
қорғаныс жабдығын және кедергісі 1,10^8 Омнан артық аяқ-киім кию керек.
- Оператор ATEX аймағына бейімделген толықтай "антистатикалық" ЖЖҚ (күртеше және
шалбар сияқты) киюі тиіс.
Бұл ескертулерді орындамау ауыр жарақатқа не өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
V-Gard H1 саңылаусыз каскалары E класына жатады. V-Gard H1 саңылауы бар каскалары C
класына жатады.
2
Аспаны реттеу
Максималды қорғанысты қамтамасыз ету үшін, каска басыңызда тура және нық бекітілгеніне көз
жеткізіңіз. Қолғапты, темекіні, құлаққа арналған тығынды немесе басқа заттарды аспа мен корпус
арасында САҚТАМАҢЫЗ. Бұл арадағы заттар соққы кезінде бас пен мойынға көп күш түсіріп,
ауыр жарақат алуға немесе өлімге әкелуі мүмкін. Бұл ескертулерді орындамау ауыр жарақатқа
не өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
1-суретті қараңыз.
3
Иек бауын реттеу
Құлақ қорғанысын пайдаланған кезде иек бауы құлаққап пен бас арасындағы тығыздауышқа
KZ
кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз. Құлаққап пен бас арасындағы тығыздауышқа кедергі
келтірген жағдайда, құлаққаптың шу басу қабілеті төмендеуі мүмкін. Осы ескертуді орындамау
есту қабілетінен уақытша айырылуға әкелуі мүмкін.
2-суретті қараңыз.
Иек бауын тығыз тартып, реттегеніңізге көз жеткізіңіз. Барлық төрт Y бау араларында бірдей
қысым қолдану үшін, тоқыма бауын бүйірлік реттегіштер арқылы дұрыс ұзындыққа дейін
тартыңыз.
64
Ескерту!
Ескерту!
Ескерту!
®
V-Gard
H1 қауіпсіздік каскасы