▶
Жұмыс кезінде ешқашан аспап корпусындағы желдету саңылауларын жаппаңыз! Желдету
саңылауын жайлап құрғақ қылшақпен тазалаңыз. Аспаптың ішкі бөлігіне бөгде заттардың кіруін
болдырмаңыз.
▶
Аспаптың сыртқы бетін тұрақты түрде тазалау үшін аздап ылғалды шаң шүберегін қолданыңыз.
Тазалау үшін су бүріккішін, бу генераторын немесе су ағынын қолдануға тыйым салынады!
Мұндай әдістермен тазалағанда аспаптың электр қауіпсіздігі бұзылады.
Аккумуляторлық құралдар мен аккумуляторларды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !
▶
Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз!
▶
Аккумулятор(лар)ды шығарыңыз.
▶
Аккумуляторларды
аккумуляторларды шамадан артық соққы мен дірілден қорғау және олардың басқа батарея
полюстерімен жанасуына және қысқа тұйықталудың туындауына жол бермеу үшін кез
келген ток өткізгіш материалдардан немесе басқа аккумуляторлардан оқшаулау керек.
Аккумуляторларға арналған жергілікті тасымалдау ережелерін сақтаңыз.
▶
Аккумуляторларды поштамен жіберуге болмайды. Зақымдалмаған аккумуляторларды жіберу
қажет болғанда, жеткізуші кәсіпорындарға хабарласыңыз.
▶
Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзақ уақыт бойы тасымалдағаннан
кейін зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Сақтау
ЕСКЕРТУ
Бүлінген немесе заряды таусылған аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу !
▶
Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып сақтаңыз!
▶
Өнім мен аккумуляторларды салқын және құрғақ жерде сақтаңыз. Техникалық деректерде
көрсетілген температураның шектік мәндерін ескеріңіз.
▶
Аккумуляторларды зарядтағыш құрылғыда сақтамаңыз. Аккумуляторды зарядтағаннан кейін
әрдайым зарядтағыш құрылғыдан шығарыңыз.
▶
Аккумуляторларды еш жағдайда күн мен жылу көздерінің астында немесе шыны әйнек
артында сақтамаңыз.
▶
Өнім мен аккумуляторларды балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
▶
Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзақ уақыт бойы сақтағаннан кейін
зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti сервис
орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық
Аккумулятор бекітілгенде
оған тән "қос шырт еткен
дыбыс" естілмейді.
*2127431*
ешқашан
үймеде
Ықтимал себеп
Аккумулятордағы құлып
шоқылары кірленген.
2127431
тасымалдамаңыз.
Шешім
▶
Тасымалдау
барысында
Тіреуіш шығыңқы
жерлерін тазалаңыз және
аккумуляторды салыңыз.
Мәселе шешілмесе,
Hilti сервис орталығына
хабарласыңыз.
191