Download Print deze pagina

Hilti SF BT 22-A Originele Handleiding pagina 194

Advertenties

АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі. Аккумулятор дұрыс салынбаған кезде, аспап ішінен түсіп қалуы мүмкін.
Аккумулятордың түсіп қалуын не басқа қауіптерді болдырмау үшін оның дрель ішіне берік
орнатылғанын қадағалаңыз.
Аккумуляторды дрель ішіне артынан жылжытыңыз да, ол тіреліп бекітілуі керек.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторды шығарыңыз.
Белдікке ілуге арналған ілгекті орнату (қосымша)
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі Аспапты құлатудан болатын қауіп.
Аспаптың құлауы сіз және басқа тұлгалар үшін қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін. Жұмысты
бастау алдында белдік ілгегі берік бекітілгенін тексеріңіз.
Белдікке ілуге арналған ілгек дрельді белдікке ілуге мүмкіндік береді. Белдікке ілуге
арналған ілгекті оң және сол жақтан ұстау үшін орнатуға болады.
Белдікке ілуге арналған ілгекті дрельдің сәйкес жағына орнатыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе бөлшектеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі. Дрель кенеттен іске қосылуы мүмкін.
Қосылу блокираторының белсенді екендігіне немесе аккумулятордың дрель ішінен
шығарылғанына көз жеткізіңіз.
1.Жылдам қысқыш бұрғы патронын ашыңыз.
2.Алмалы-салмалы аспапты таза ұшымен жылдам қысқыш бұрғы патронына енгізіңіз немесе
алмалы-салмалы аспапты жылдам қысқыш бұрғы патронынан шығарыңыз.
3.Жылдам қысқыш бұрғы патронын қайтадан бұрап бекітіңіз.
Қосу
Бұғаттаудан шығару түймесін басыңыз.
Негізгі сөндіргіштің басылу тереңдігіне байланысты айналу жиілігін байсалды түрде
максималды деңгейіне дейін реттеуге болады.
Өшіру
Негізгі сөндіргішті жіберіңіз.
Күту және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғудан пайда болатын қауіптер. Электрлік бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттануға
апарып соғуы мүмкін.
Электрлік бөлшектерді жөндеу жұмысын тек электрші маман орындауы тиіс.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын
материалдарын қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары
мен өнімге арналған керек-жарақтар Hilti орталығында немесе келесі сайтта қолжетімді:
www.hilti.com
Аспапты, әсіресе тұтқыштың беттерін, таза және құрғақ күйде, май мен майлайтын майдың
іздерінсіз сақтаңыз.
Құрамында силикон бар тазалау заттарын қолданбаңыз.
190
4
5
6
2127431
*2127431*

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Sf bt 22-a 01