Download Inhoudsopgave Inhoud Print deze pagina

Hotpoint Ariston FQ 103.1/HA Gebruiksaanwijzing pagina 45

Verberg thumbnails Zie ook voor FQ 103.1/HA:
Inhoudsopgave

Advertenties

Beschikbare talen

Beschikbare talen

ПИЦЦА (PIZZA) режимі
Бұл функцияны пицца пісіру үшін пайдаланыңыз.
Қосымша мәліметтерді келесі тараудан қараңыз.
НАН (BREAD) режимі
Бұл функцияны нан пісіру үшін пайдаланыңыз.
Қосымша мәліметтерді келесі тараудан қараңыз.
ПИЦЦА (PIZZA) режимі
Барынша жақсы нәтижеге жету үшін төмендегі
нұсқауларды мұқият орындауға кеңес береміз:
• Рецепт бойынша жасаңыз.
• Қамырдың салмағы 500 - 700 г аралығында
болуға тиіс.
• Тұтқалы табаға шамалы май жағыңыз.
ПИЦЦАНЫҢ рецепті:
1 тұтқалы табаны төменгі сөренің деңгейіне, ыстық
немесе салқын пешке қойыңыз
Салмағы шамамен 550 г 3 пиццаның рецепті: 1000 г
ұн, 500 мл су, 20 г тұз, 20 г қант, 100 мл зәйтүн майы,
20 г ашытқы (немесе 2 қалта ашытқы ұнтағы)
• Бөлме температурасында ашыту: 1 сағат.
• Ыстық немесе салқын пешке қойыңыз.
PIZZA (пицца) пісіру режимін іске қосыңыз.
НАН (BREAD) режимі
Барынша жақсы нәтижеге жету үшін төмендегі
нұсқауларды мұқият орындауға кеңес береміз:
• Рецепт бойынша жасаңыз.
• Тұтқалы табаға арналған ең үлкен салмақтан
асырмаңыз.
• 5-ші позициядағы пеш табағына 100 мл суық
су құюды ұмытпаңыз.
• Қамырды бөлме температурасында көтерілгенше
1 – 1 ½ сағат (бөлменің температурасына қарай)
немесе қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше
қалдырыңыз.
НАННЫҢ рецепті:
Ең көбі 1000 грамға арналған 1 тұтқалы таба, төмен
деңгей
Ең көбі 1000 грамға арналған 2 тұтқалы таба,
ортаңғы және төмен деңгейлер
1000 г қамырға арналған рецепт: 600 г ұн, 360 г су,
11 г тұз, 25 г табиғи ашытқы (немесе 2 қалта ашытқы
ұнтағы)
Дайындау әдісі:
• Ұн мен тұзды үлкен тегеште араластырыңыз.
• Ашытқыны жылы суға (шамамен 35 градус) езіңіз.
• Үйілген ұнның ортасынан ойық жасаңыз.
• Су мен ашытқы қоспасын құйыңыз.
• Қамырды біркелкі және онша жабысқақ емес
қоспаған айналғанша екі қолмен олай-былай
созып, қайта бүктеп, 10 минуттай илеңіз.
• Қамырды домалақтаңыз да, үлкен тегешке салып,
беткі қабаты кеуіп кетпес үшін мөлдір пластик
үлдірмен бетін жауып қойыңыз. Пеште қолдан
ТӨМЕН ТЕМПЕРАТУРА (LOW TEMPERATURE)
функциясын таңдаңыз да, температураны 40°C
етіп орнатыңыз. Тегешті пештің ішіне қойып,
көтерілу үшін шамамен 1 сағат қалдырыңыз
(қамырдың көлемі екі есе үлкеюге тиіс).
• Қамырды мөлшері бірдей бөлкелерге бөліңіз.
• Оларды тұтқалы табадағы пеш қағазының үстіне
салыңыз.
• Бөлкелердің бетіне ұн себіңіз.
• Бөлкелердің бетінде тіліктер жасаңыз.
• 5-ші позициядағы пеш табағына 100 мл суық
су құюды ұмытпаңыз; Тазалау үшін су немесе
сірке суын пайдаланған дұрыс.
• Нанды салқын пештің ішіне салыңыз.
BREAD (НАН) пісіру режимін іске қосыңыз.
• Піскеннен кейін бөлкелерді гриль сөрелерінің
бірінде әбден суығанша қалдырыңыз.
KZ
45

Advertenties

Inhoudsopgave
loading

Inhoudsopgave