Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы (9) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын реттеу
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (13) көмегімен
электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.
Алайда ажыратқыш (7) басылғанда осы әрекетті орындау
мүмкін емес.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (13) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
– Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (13) тірелгенше оңға қарай басыңыз.
– Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (13) тірелгенше солға қарай басыңыз.
Қосу/өшіру
– Электр құралын қосу үшін қосу/өшіру ауыстырып-
қосқышын (7) басыңыз.
– Өшіру үшін ажыратқышты (7) жіберіңіз.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
Ажыратқышты (7) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты (7) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы
санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы
саны ұлғаяды.
Кескіш қалпын өзгерту (Vario-Lock)
Қашауды 36 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы
жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
– Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
– Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (9) "Vario-Lock"
күйіне бұраңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне
бұраңыз.
– Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (9) "Қашау"
күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші
бұғатталады.
– Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне
орнатыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Бұрғылау тереңдігін реттеу (J суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (11) қажетті бұрғылау
тереңдігін X реттеуге болады.
– Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (10) басып,
тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (12) орнатыңыз.
Bosch Power Tools
Тереңдік шектегішінің (11) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
– SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал
бекіткішіне (3) тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе
SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау
тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
– Тереңдік шектегішін бұрғы ұштығымен тереңдік
шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау
тереңдігіне X сәйкес келгенше тартыңыз.
Қорғауыш жалғастырғыш
Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
u
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады.
Осында пайда болатын күш себебінен электр
құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта
тұрыңыз.
Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
u
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
Енгізу құралын енгізу (K суретін қараңыз)
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Бұрауыш биттерді пайдалану үшін SDS plus бекіткіш білігі
бар әмбебап ұстағыш (23) қажет болады.
– Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап
майлаңыз.
– Айналмалы әмбебап ұстағышты құрал бекіткішіне
автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
– Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
– Әмбебап ұстағышқа бұрауыш битті салыңыз. Тек
бұранданың бастиегі үшін жарамды бұрауыш биттерді
пайдаланыңыз.
– Әмбебап ұстағышты алып тастау үшін құлыптау
төлкесін (5) артқа жылжытып, әмбебап ұстағышты
(23) құрал бекіткішінен шығарып алыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін,
u
электр құралды және желдету саңылауларын таза
қалыпта ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Зақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
орталығында орындауға кеңес беріледі.
Қазақ | 149
1 609 92A 9A6 | (06.12.2024)