Download Inhoudsopgave Inhoud Print deze pagina

Bosch Professional GBH 3-28 DRE Oorspronkelijke Gebruiksaanwijzing pagina 147

Inhoudsopgave

Advertenties

Бұрғылау патроны мен құралдарды таңдау
Соққымен бұрғылау және қашау үшін сізге SDS plus
бұрғылау патронына енгізілетін SDS plus құралдары
қажет болады.
Ағаш, металл, керамика мен пластик бойынша соққысыз
бұрғылау және бұрау үшін SDS plus жоқ құралдар
(мысалы, цилиндрлік білігі бар бұрғы) қолданылады. Осы
құралдар үшін жылдам қысқыш бұрғылау патроны
немесе тісті тоғыны бар бұрғылау патроны қажет.
Нұсқау: тісті тоғыны бар бұрғылау патронын тек
соққысыз бұрғылау режимінде пайдаланыңыз.
SDS plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) жинақтағы
ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронына (1)
жылдам ауыстыруға болады.
Бұрғылау патронын алмастыру
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату/шығару
GBH 3-28 DRE
SDS plus жоқ құралдармен (мысалы, цилиндрлік білігі
бар бұрғылар) жұмыс істеу үшін тиісті бұрғылау патронын
орнатуыңыз керек (тісті тоғыны бар немесе жылдам
қысқыш бұрғылау патроны).
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату (B суретін
қараңыз)
– SDS plus бекіткіш білігін (17) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронына (16) бұрап орнатыңыз. Тісті
тоғыны бар бұрғылау патронын (16) бекіткіш
бұрандамен (15) бекітіңіз. Бекіткіш бұранданың сол
жақ ирек оймасы бар болуын қадағалаңыз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын енгізу
(B суретін қараңыз)
– Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап
майлаңыз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын өздігінен
құлыптанғанша бекіткіш білікпен құрал бекіткішіне
бұрап енгізіңіз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының бекітілуін
тартып тексеріңіз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын шығару
– Бекіткіш төлкені (5) артқа жылжытып, тісті тоғыны бар
бұрғылау патронын (16) шығарып алыңыз.
Аустырмалы бұрғылау патронын шығару/орнату
GBH 3-28 DFR, GBH 3000
Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығару (C суретін
қараңыз)
– Ауыстырмалы бұрғылау патронының құлыптау
сақинасын (6) артқа тартып, оны осы күйде ұстап
тұрыңыз және SDS plus ауыстырмалы бұрғылау
патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш
бұрғылау патронын (1) алға тартып шығарыңыз.
– Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығарғаннан кейін
кірден тазалап шығыңыз.
Bosch Power Tools
Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнату (D суретін
қараңыз)
Тек үлгіге тән түпнұсқа жабдықтарды
u
пайдаланыңыз және ортаға дәлдеу ойықтарының
(19) санына назар аударыңыз. Тек қана екі немесе
үш ортаға дәлдеу ойығы бар ауыстырмалы
бұрғылау патронын пайдалануға рұқсат етіледі.
Осы электр құралы үшін жарамсыз ауыстырмалы
бұрғылау патроны пайдаланылса, алмалы-салмалы
аспап жұмыс істеу кезінде шығып түсуі мүмкін.
– Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнатудан бұрын
тазалап, салынатын ұшын аздап майлаңыз.
– SDS plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе
ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1)
алақанмен ұстаңыз. Ауыстырмалы бұрғылау
патронын, шерту дыбысы анық естілгенше, бұрғылау
патронының бекіткішіне (18) бұрап кіргізіңіз.
– Ауыстырмалы бұрғылау патроны автоматты түрде
бекітіледі. Ауыстырмалы бұрғылау патронының
бекітілуін тарту арқылы тексеріңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (4) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(4) зақымдалмағанын тексеріңіз.
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
SDS plus құралын алмастыру
SDS plus алмалы-салмалы аспабын енгізу (E суретін
қараңыз)
SDS plus бұрғылау патроны  алмалы-салмалы аспапты
қосымша құралдарды пайдаланбай оңай әрі жайлы түрде
алмастыруға мүмкіндік береді.
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне (3)
автоматты түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп
шығыңыз.
SDS plus алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан еркін
қозғалады. Сол себептен бос жүріс күйінде радиалды
ауытқу пайда болады. Бұл саңылаудың дәлдігіне әсер
етпейді, себебі бұрғылау кезінде бұрғы өз бетімен ортаға
келтіріледі.
SDS plus алмалы-салмалы аспабын шығару (F суретін
қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы (5) артынан жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Қазақ | 147
1 609 92A 9A6 | (06.12.2024)

Advertenties

Inhoudsopgave
loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Professional gbh 3-28 dfrProfessional gbh 3000

Inhoudsopgave