148 | Қазақ
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының құралын
алмастыру
GBH 3-28 DRE
Алмалы-салмалы аспапты енгізу
Нұсқау: SDS plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (16) енгізіңіз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (16) құрал
енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
– Бұрғылау патронының кілтін тісті тоғыны бар бұрғылау
патронының (16) тиісті саңылауларына енгізіп,
құралды біркелкі етіп қысыңыз.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (9) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (16) төлкесін
бұрғылау патроны кілтінің көмегімен алмалы-салмалы
аспапты шығару мүмкін болғанша сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патронындағы құралды ауыстыру
GBH 3-28 DFR, GBH 3000
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (G суретін қараңыз)
Нұсқау: SDS plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1)
енгізіңіз.
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының
ұстағыш сақинасын (21) мықтап ұстаңыз. Құрал
бекіткішін алдыңғы төлкені (20) құрал енгізілгенше
бұрау арқылы ашыңыз. Ұстағыш сақинаны (21) нық
ұстап тұрып, алдыңғы төлкені (20) шерту дыбысы
анық естілгенше көрсеткі бағытымен күштеп бұраңыз.
– Құралдың берік бекітілгенін тарту арқылы тексеріңіз.
Нұсқау: құрал бекіткіші тірелгенше ашылған болса, құрал
бекіткішін жабу кезінде шерту дыбысы естілуі мүмкін
және құрал бекіткіші жабылмайды.
Бұл жағдайда алдыңғы төлкені (20) көрсеткі бағытына
қарсы бір рет бұраңыз. Сонан соң құрал бекіткішін
жабуға болады.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (9) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (H
суретін қараңыз)
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының
ұстағыш сақинасын (21) мықтап ұстаңыз. Алдыңғы
төлкені (20) құралды шығару мүмкін болғанша бұрау
арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.
1 609 92A 9A6 | (06.12.2024)
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
GDE 16 Plus (керек-жарақ) арқылы шаң сору
(I суретін қараңыз)
Шаң сору үшін GDE 16 Plus (22) қажет.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі керек.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң
түрлері үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Жұмыс режимін орнату
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (9) пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (8)
басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (9)
қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Bosch Power Tools