Техникалық күтім және қызмет
көрсету
Күту, тазалау және сақтау
Бақ электр бұйымы бойынша жұмыстарын өткізу
u
алдында (мысалы күту, бөлшектерін ауыстыру
және т.б.), сонымен қатар оны тасымалдау мен
сақтауда құрал аккумуляторын құралдан шығарып
алыңыз. Ағытқыш құрылғысын кездейсоқ түрде басу
арқылы жарақаттану қаупі пайда болуы мүмкін.
Қауіпсіз және қалыпты түрде жұмыс істей алу
u
үшін, құралды таза қалыпта ұстаңыз.
Жүздерді пайдаланудан кейін тазалау үшін, ылғалды
шүберекті пайдаланыңыз.
Құралдың қауіпсіз және оңтайлы түрде жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін, құралды және желдету
саңылауларын әрдайым таза қалыпта ұстаңыз.
Құралды пайдалану алдынан және пайдаланғаннан кейін
оны майлау бүріккіш спрейімен өңдеңіз. Майлау бүріккіш
спрейінің аэрозолін демге тартпаңыз. Майлау бүріккіш
спрейін жақсы желдетілетін жерде пайдаланыңыз.
Электр бұйымы үстінен ешқашан су шашпаңыз.
Электр бұйымын ешқашан суға малмаңыз.
Электр бұйымын қауіпсіз және құрғақ, балалар қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Құралдың қауіпсіз түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ете
алу үшін, сомындар, бұрандамалар мен бұрандаларының
барлығы нық түрде бекітілгенің тексеріп алыңыз.
Электр бұйымын тексеріп, тозып немесе бұзылып кеткен
бөлшектерін қауіпсіздік себептерінен ауыстырыңыз.
Ауыстырылатын бөлшектері Bosch фирмасының
бұйымдары болғанына алдын ала көз жеткізіңіз. Құралда
өзгерту жұмыстарын өткізбеңіз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
Bosch Power Tools
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Аккумуляторды күту
Аккумулятордың оңтайлы түрде қолдануын қамтамасыз
ету үшін төмендегі нұсқаулар мен шараларды ұстанып
жүріңіз:
– Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан
қорғап жүріңіз.
– Аккумуляторды бақ электр бұйымнан шығарып алып,
бақ электр бұйымнан бөлек сақтаңыз.
– Тікелей күн сәулелері түсе алатын жағдайларда
аккумуляторды бақ электр бұйым ішінде
қалдырмаңыз.
– Аккумуляторды сақтау үшін ең оңтайлы температура
деңгейі болып 5 °C саналады.
– Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза
және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
жүріңіз.
Қуаттандырылғанынан кейін жұмыс циклдерінің
айтарлықтай қысқарып қалуы аккумулятордың тозып
қалғанын және оны ауыстыру керектігін білдіреді.
Тұтынушыларға қызмет көрсету және
пайдалану бойынша кеңес беру
Қызмет көрсету орталық өнімді жөндеу және күтім,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға
жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы
бөлшектер бойынша деректерді келесі сайтта таба
аласыз: www.bosch-pt.com
Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch
қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған
қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап
беруге дайын.
Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы
бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті
түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім
нөмірін атаңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
Қазақ | 181
F 016 L94 807 | (25.09.2024)