Download Print deze pagina

Hilti TE 2-22 Originele Handleiding pagina 278

Generatie 03

Advertenties

• Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын
материалдарын қолданыңыз. Hilti мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары
мен өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта
қолжетімді: www.hilti.group
Аккумуляторлық құралдар мен аккумуляторларды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !
Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз!
Аккумулятор(лар)ды шығарыңыз.
Аккумуляторларды
аккумуляторларды шамадан артық соққы мен дірілден қорғау және олардың басқа батарея
полюстерімен жанасуына және қысқа тұйықталудың туындауына жол бермеу үшін кез
келген ток өткізгіш материалдардан немесе басқа аккумуляторлардан оқшаулау керек.
Аккумуляторларға арналған жергілікті тасымалдау ережелерін сақтаңыз.
Аккумуляторларды поштамен жіберуге болмайды. Зақымдалмаған аккумуляторларды жіберу
қажет болғанда, жеткізуші кәсіпорындарға хабарласыңыз.
Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзақ уақыт бойы тасымалдағаннан
кейін зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Сақтау
ЕСКЕРТУ
Бүлінген немесе заряды таусылған аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу !
Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып сақтаңыз!
Өнім мен аккумуляторларды салқын және құрғақ жерде сақтаңыз. Техникалық деректерде
көрсетілген температураның шектік мәндерін ескеріңіз.
Аккумуляторларды зарядтағыш құрылғыда сақтамаңыз. Аккумуляторды зарядтағаннан кейін
әрдайым зарядтағыш құрылғыдан шығарыңыз.
Аккумуляторларды еш жағдайда күн мен жылу көздерінің астында немесе шыны әйнек
артында сақтамаңыз.
Өнім мен аккумуляторларды балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзақ уақыт бойы сақтағаннан кейін
зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Ақаулардағы көмек
Кез келген ақаулар орын алған жағдайда, аккумулятордың заряд деңгейі мен ақау индикаторына
назар аударыңыз. Li­Ion аккумуляторының индикаторлары бөлімін қараңыз.
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулар орын алғанда, Hilti қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық
Негізгі сөндіргішті
басылмайды, яғни,
бұғатталған.
273
ешқашан
үймеде
Ықтимал себеп
Оңға/солға айналу ауыстырып-
қосқышы ортаңғы күйде.
тасымалдамаңыз.
Шешім
2266024
Тасымалдау
барысында
Оңға/солға айналу
ауыстырып-қосқышын оңға
не солға бұраңыз.
*2266024*

Advertenties

loading