Шаң қатты басқан ортада жұмыс істемеңіз.
▶
Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
▶
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін. Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі
бір сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар. Пайдаланушы мен оның
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп
класы бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді
пайдалану немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті
шараларды қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер
жатады:
Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶
Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶
Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶
Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
▶
Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт
▶
жұмыс істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры
не жүйкесіне теріс әсер тиюі мүмкін.
Жарыққа (жарық диоды) тікелей қарамаңыз және жарықты басқа адамдардың көзіне тікелей
▶
бағыттамаңыз. Соқырлық қаупі бар.
Ылғалдың кіруіне жол бермеңіз. Ылғалдан туындайтын қысқа тұйықталу өртке немесе күйіп
▶
қалуға әкелуі мүмкін.
Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
▶
бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
Бұл өнімге ешқандай белдік ілгектерін бекітпеңіз.
▶
Электр қауіпсіздігі
Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары
▶
жабық екендігіне көз жеткізіңіз. Қуыт сымына, газ немесе су құбырына зақым келтірген
жағдайда, өнімнің сыртындағы металл бөліктер ток соғуға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
Құрал блокталған кезде, өнімді бірден өшіріңіз. Өнім бүйірімен ауытқуы мүмкін.
▶
Өнімді алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына дейін күтіңіз.
▶
Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
Литий-иондық аккумуляторларды пайдалану және күту бойынша төмендегі қауіпсіздік
▶
шараларын орындаңыз. Нұсқауларды орындамау тері тітіркенуіне, ауыр тот басқыш жара-
қаттарға, химиялық күйіктерге, өртенуге және/немесе жарылысқа апарып соғуы мүмкін.
Аккумуляторларды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶
Зақымдалуды болдырмау және денсаулыққа қатты зиян келтіре алатын сұйықтықтардың
▶
шығуына жол бермеу үшін аккумуляторларды абайлап қолданыңыз!
Аккумуляторларды ешбір жағдайда модификациялауға немесе құрылымына өзгеріс енгізуге
▶
болмайды!
Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) шамасынан жоғары температураға
▶
дейін қыздыруға және жағуға тыйым салынады.
Соққы тиген немесе басқаша зақымдалған аккумуляторларды пайдаланбаңыз немесе
▶
зарядтамаңыз. Аккумуляторларда зақымдалу белгілерінің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп
тұрыңыз.
Еш жағдайда қайта өңделген немесе жөнделген аккумуляторларды пайдаланбаңыз.
▶
*2266024*
2266024
266