Download Print deze pagina

Hilti TE 2-22 Originele Handleiding pagina 272

Generatie 03

Advertenties

Ешқашан аккумуляторды немесе аккумуляторлық электр құралын соқпа құрал ретінде
пайдаланбаңыз.
Аккумуляторларға ешқашан тікелей күн сәулесі, жоғары температура, ұшқын немесе ашық
жалын әсерін тигізбеңіз. Бұл жарылысқа апарып соғуы мүмкін.
Батарея полюсіне саусақпен, құралдармен, әшекеймен немесе басқа да электр тогын өткізетін
бөгде заттармен тимеңіз. Бұл аккумуляторға зақым келтіруі, сондай-ақ мүлікке залал келтіруі
және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Аккумуляторларды жаңбыр, ылғал мен сұйықтықтарда алшақ ұстаңыз. Еніп кеткен ылғал
қысқа тұйықталу, ток соғу, күйіп қалу, өртену және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Тек осы аккумулятор түрі үшін көзделген зарядтағыш құрылғылар мен электр құралдарын
пайдаланыңыз. Бұл ретте тиісті пайдалану бойынша нұсқаулықтардағы мәліметтерге назар
аударыңыз.
Аккумуляторды жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды
тұтанғыш материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, тұтанбайтын
жерге қойыңыз. Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін әлі де қолға ыстық
болып тұрса, бұл оның ақаулы екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз
немесе «Қауіпсіздік және Hilti Li-Ion аккумуляторын пайдалану бойынша нұсқаулар» атты
құжатты оқып шығыңыз.
Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау, сақтау және пайдалану үшін қолданыла-
тын арнайы директиваларды ескеріңіз.
Аталмыш пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы QR кодын сканерлеу арқылы
табуға болатын Hilti Li-Ion аккумуляторларына арналған қауіпсіздік және пайдалану
бойынша нұсқауларды оқып шығыңыз.
Сипаттама
1
Өнімге шолу
Шаңнан қорғау қабы
@
Құрал бекіткіші
;
Функцияны таңдау қосқышы
=
Тасымалдауға арналған бекіткіші
%
бар оңға/солға айналу ауыстырып-
қосқышы
Негізгі сөндіргіш
&
Тұтқа
(
Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім SDS­Plus аккумуляторлық перфораторы болып табылады. Ол кірпіш қалау
бойынша бұрғылауға және бетон мен кірпіш қалау бойынша соққымен бұрғылауға арналған.
• Бұл өнім үшін тек B 22 сериялы Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторларын пайдаланыңыз. Hilti
компаниясы бұл өнім үшін оңтайлы қуатқа қол жеткізу мақсатында осы пайдалану бойынша
нұсқаулықтың соңындағы кестеде көрсетілген аккумуляторларды пайдалануға кеңес береді.
• Бұл аккумуляторлар үшін тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы кестеде
белгіленген серияларға жататын Hilti зарядтағыш құрылғыларын қолданыңыз.
Жеткізілім жинағы
SDS­Plus перфораторы, бүйірлік тұтқыш, тереңдік шектегіші, пайдалану бойынша нұсқаулық.
Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына
веб-сайттан табуға болады: www.hilti.group
267
273
Керек-жарақтарға арналған
)
монтаждық саңылау
Аккумулятор
+
Аккумуляторды босату түймесі
§
Аккумулятордың күй индикаторы
/
Тұтқа
:
Тереңдік шектегіші
2266024
*2266024*

Advertenties

loading