деректері бойынша алмалы-салмалы аспаптың рұқсат
етілген максималды айналу жиілігін есептеуге болады.
Ол электр құралының максималды аналымдар
санынан төмен жатуы мүмкін емес.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Әр пайдаланбас бұрын цангалы қысқышта (1)
u
және қысқыш гайкада (2) көрінетін зақымдардың
жоқтығын тексеріңіз.
Қосу/өшіру
GGS 30 LS/GGS 30 S
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (5) алға
жылжытыңыз.
Ажыратқышты (5) орнату үшін ажыратқышты (5)
алдыңғы жағынан төмен қарай тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз
немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (5) артқы
жағынан кішкене төмен басып, сонан соң жіберіңіз.
Қосу/өшіру
GGS 30 LPS
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылудан
қорғайтын құлыпты (12) артқа жылжытып, содан кейін
ажыратқышты (11) басып тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (11) жіберіңіз.
Тұрақты электроника
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналу жиілігін тұрақты дерлік деңгейде сақтайды және
жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Bosch Power Tools
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы
реттегіш (6) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс
барысында да реттеуге болады.
Қажетті айналу жиілігі өңделетін материал мен алмалы-
салмалы аспаптың диаметріне байланысты. Алмалы-
салмалы аспаптың максималды рұқсат етілген айналу
жиілігін сақтаңыз.
GGS 30 LS/GGS 30 LPS
Максималды айналу жиілігінде керек-жарақтың
максималды рұқсат етілген диаметрі 40 мм құрайды.
GGS 30 S
Максималды айналу жиілігінде керек-жарақтың
максималды рұқсат етілген диаметрі 45 мм құрайды.
Диаметрі 50 мм керек-жарақ пайдаланылса, айналу
-1
жиілігінің 30000 мин
шамасынан жоғары болмағанына
көз жеткізіңіз.
Айналмалы реттегіш күйі Бос жүріс күйіндегі
айналу жиілігі (мин
1
7000
2
9500
3
15000
4
19000
5
25000
6
33000
Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі
Электр құралы кенет кері соқса, мысалы,
фрезерлеу кезінде бұғатталса,
қозғалтқышқа қуат беру электроника
арқылы тоқтатылады.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5)/(11) өшірулі
күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Қайта қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс, қуат берілуі үзілгеннен
кейін, электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5)/(11) өшірулі
күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Нұсқау: тым жылдам өшіріп қайта қосу кезінде қайта
қосылудан қорғаныс іске қосылып, электр құралы,
ажыратқыш (5)/(11) қосулы болса да жұмыс істемеуі
мүмкін. Ажыратқышты (5)/(11) өшірулі күйіне келтіріп,
электр құралын қайта қосыңыз.
Бірқалыпты іске қосу
Электрондық бірқалыпты іске қосу құралы қосу кезінде
айналу жиілігін шектеп, қозғалтқыштың қызмет ету
мерзімін ұзартады.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ажарлау құралдарын соққыдан қорғап сақтаңыз.
u
Қазақ | 151
-1
)
1 609 92A A6Z | (27.11.2024)