Күтім және пайдалану
Құрылғыны өшіру
KZ
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар салқын
малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды
немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
• Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
• Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты
жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш
машинаға жууға болады.
! Құрылғыны тазалауға ешқашан бу тазартқыштарын
немесе қысым тазартқыштарын пайдаланбаңыз.
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш
емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына
әкелуі мүмкін. Пеш есігін мұқият тазалау мақсатында
оны шығарып алуыңызға болады.
Есігінің ішінде бекітілген шыны панелі бар
46
1. Пеш есігін толық ашыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Екі ілмекте орналасқан
тұтқаларды көтеріп, бұрыңыз
(сызбаны қараңыз).
F
3. Есікті екі жағынан қатты
ұстап, жартылай жабыңыз.
Оны өзіңізге қарай орнынан
көтере тартыңыз (сызбаны
қараңыз).
3. (Есігінің ішінде бекітілген
шыны панелі бар). Есікті
екі жағынан қатты ұстап,
жартылай жабыңыз.
Қысқыштарды (F) басу
арқылы есікті босатыңыз,
F
одан кейін есікті орнынан
шығарылатындай өзіңізге
қарай тартыңыз (сызбаны
қараңыз).
Есікті орнына қою үшін осы іс ретін кері орындаңыз.
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп
тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса,
жақын жердегі сатудан кейінгі қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз («Көмек» бөлімін
қараңыз). Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын ауыстыру үшін:
Пештің
камерасы
Шам
Тығыздағыш
Шыны есік
1. Бұрағыштың көмегімен шыны қақпақты шешіп
алыңыз.
2. Шамды бұрап алып, оны ұқсас басқа шаммен
ауыстырыңыз: Ваттағы қуаты 15 Вт, цоколі E 14.
Шыны қақпақты орнына қойыңыз, оның дұрыс
орнағанын тексеріңіз (сызбаны қараңыз).