Пісіру үрдісін орнату
! Бағдарламалаудан бұрын пісіру функциясы таңдап
алынуы керек.
Пісіру ұзақтығын орнату
1. Дисплейде
белгішесі мен үш сан
жыпылықтағанша
түймесін бірнеше рет басыңыз.
2. Ұзақтықты реттеу үшін ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН «+»
және «-» бағытына қарай бұраңыз.
3. Растау үшін
түймесін қайта басыңыз.
4. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде
«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш
пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал ойнайды.
• Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат
15 минутқа орнатылсын. Бағдарлама сағат 10:15
болғанда автоматты түрде тоқтайды.
Пісіру режимінің аяқталу уақытын орнату
! Пісірудің аяқталу уақыты белгіленбей тұрып, пісіру
ұзақтығын орнату керек.
1. Ұзақтықты жоғарыда сипатталғандай орнату үшін
1-ден 3-қадамға дейін орындаңыз.
2. ДИСПЛЕЙДЕ
белгішесі мен екі сан шыққанша
түймесін басыңыз.
3. Сағаттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
4. Басқа екі сан ДИСПЛЕЙДЕ жыпылықтай
бастағанша
түймесін қайта басыңыз.
5. Минуттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР
ТҰТҚАСЫН «+» және «-» белгілеріне қарай
бұраңыз.
6. Растау үшін
түймесін қайта басыңыз.
7. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде
«END» («Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш
пісіруді тоқтатады да, дыбыстық сигнал ойнайды.
Бағдарламала орнатылғанда
жыпылықтайды. ДИСПЛЕЙ пісірудің аяқталу уақыты
мен пісіру ұзақтығын алма-кезек көрсетіп тұрады.
Бағдарламадан бас тарту үшін SELECTOR (РЕТТЕУ)
тұтқасын «0» позициясына бұраңыз.
және
түймелері
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдетіп пісіру кезінде сөрелерді 1-ші және 5-ші
позицияларға қоймаңыз. Себебі, тым қатты тура
бағытталған қызу ыстыққа сезімтал тағамды күйдіріп
жіберуі мүмкін.
! БАРБЕКЮ (BARBECUE) ЖӘНЕ ГРАТИН (GRATIN)
пісіру режимдерінде, әсіресе бұрылмалы істікті
пайдаланған кезде, тағамның қалдықтарын (май
және (немесе) тоң май) жинау үшін тұтқалы табаны
1-ші позицияға қойыңыз.
КӨП TAҒAM ДAЙЫHДAУ
• 2-ші және 4-ші позицияларды пайдаланыңыз,
көбірек қызуды қажет ететін тағамдарды 2-шісіне
қойыңыз.
• Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал сөрені үстіңгі
жаққа орнатыңыз.
БАРБЕКЮ
• Сөрені 2-ші немесе 4-ші позицияға қойыңыз.
Тағамды сөренің ортасына орналастырыңыз.
• Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату
ұсынылады. Үстіңгі ысыту элементі термостат
арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс
істемеуі мүмкін.
ПИЦЦА режимі
• Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны
пайдаланбаңыз, себебі ол пісіру мерзімін ұзарту
арқылы қытырлақ болуына кедергі жасайды.
• Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру
үрдісінің ортасында пиццаның үстіне моцарелла
ірімшігін қосу ұсынылады.
KZ
43