Download Inhoudsopgave Inhoud Print deze pagina

Electrolux EHL7640FOK Gebruiksaanwijzing pagina 59

Verberg thumbnails Zie ook voor EHL7640FOK:
Inhoudsopgave

Advertenties

Beschikbare talen

Beschikbare talen

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында
бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып
шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен
дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам
жарақат алса және ақаулық орын алса
өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап
қойыңыз.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Назарыңызда болсын!
Тұншығып қалу, жарақат алуы
немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-
есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ
немесе қолдана білмейтін адамдарға,
балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз.
Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға
тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат
бермеңіз.
• Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз.
• Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің
құралымен жабдықталса, оны іске қосуды
ұсынамыз.
ОРНАТУ
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе
ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан
құлап кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаыз, құрылғының астыңғы жағы мен
үстіңгі тартпаның арасында ауа ауысып
тұруға жеткілікті орын қалуын қамтамасыз
етіңіз.
• Жұмыс алаңы мен оның астыңғы
жағындағы құрылғының алдыңғы жағында
5 мм ауа алмасып тұруға арналған
орынның болуын қамтамасыз етіңіз. Ауа
алмасып тұруға қажетті саңылаудың
жеткіліксіз болуына байланысты орын
алған ақауларға өндіруші жауапты емес.
• Құрылғының астыңғы жағындағы
температура 95°C градустан асады.
Қатерлі жағдайға ұшырап қалмас үшін оның
астына жолауға болмайды. Пештің үстін
тұмшапештің үстіне қоймасаңыз, оның
астына тұтанбайтын, оқшаулағыш панель
қоюды ұсынамыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
• Сымдарды қосар алдында құрылғы
ағытпасының тоқтан ажыратылып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Босаған әрі дұрыс емес аша мен
розетка ағытпаны тым ысытып жіберуі
мүмкін.
• Электр қатерінен сақтандыру құралының
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Жақын орналасқан розеткаларға
құрылғыны жалғаған кезде электр
сымдарының құрылғыға немесе ыстық
ыдысқа тиіп кетуіне жол бермеңіз.
• Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
• Сымға қысқыш қапсырма пайдаланыңыз.
• Дұрыс қорек сымын пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ
59

Advertenties

Hoofdstukken

Inhoudsopgave
loading

Inhoudsopgave