Download Inhoudsopgave Inhoud Print deze pagina

Hotpoint Ariston OS 89D IX/HA Gebruiksaanwijzing pagina 67

Inhoudsopgave

Advertenties

Beschikbare talen

Beschikbare talen

КӨПДЕҢГЕ Йфункциясы
Барлық қыздыру элементтері мен желдеткіш іске
қосылады. Пештің қызуы тұрақты болғандықтан ауа
тағамды біркелкі қызартып, пісіреді. Бір уақытта
барлық төрт тартпаны пайдалануға болады. Егер
бірнеше тартпаларды бір уақытта пайдаланып
жатсаңыз, астыңғы тартпаға таба қоюға кеңес
береміз. Егер бір уақытта 4 тартпада да ас
пісіріп жатсаңыз, үшінші, бесінші және алтыншы
тартпаларға сөрелер, ал бірінші тартпаға таба қоюға
кеңес береміз.
ГРАТИН функциясы
Жоғарғы қыздыру элементі мен гриль-бар істігі (бар
болса) іске қосылады да, желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Айналу кезінде айналдырып қыздыру
элементі де іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің
жиыны пештің күшейтілген ауа айналымы мен
қыздыру элементі арқылы берілетін бір бағыттағы
жылу бөлу тиімділігін арттырады.
Бұл тағамның күйіп кетпеуін алдын алуға
көмектеседі және тағамды қыздыру мүмкіндігін
береді. Есігі жабық пеште ас пісіргенде әрқашан осы
режимді қолданыңыз.
БАРБЕКЮ функциясы
Жоғарғы қыздыру элементімен гриль-бар істігі
(бар болса) іске қосылады. ТЕМПАРАТУРАНЫ
ОРНАТУ тұтқасы арқылы орнатылатын әртүрлі қуат
деңгейлері дисплейге шығады; бұл 5% және 100%
аралығында болады. Грильдің жоғарғы және тікелей
температурасы қабаттың жоғарғы температурасын
қажет ететін тағамдар үшін ұсынылады. Есігі
жабық пеште ас пісіргенде әрқашан осы режимді
қолданыңыз.
ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА функциясы
Пісірудің бұл түрі тексеру, йогурт дайындау,
қажетті уақытта тамақты ысыту және төменгі
температурада ақырын ас пісіру үшін қолданылады.
Температураның опциялары: 40, 65 және 90 °C.
Істікте қуыру (тек
белгілі модельдерде
қолданылады)
Істікте қуыру
функциясын іске қосу
үшін (сызбаны қараңыз)
былай істеңіз:
1. Табаны бірінші
позицияға орналастырыңыз.
2. Гриль-барды үшінші позицияға орналастырып,
істікті пештің артқы тесігіне кіргізіңіз.
3.
немесе
функцияларын таңдау арқылы
істікте қуыруды бастаңыз.
Автоматты пісіру функциялары
! Температура мен пісіру ұзақтығы әрқашан
автоматты түрде керемет нәтижеге кепілдік беретін
алдын ала анықталған мәндер болып табылады. Бұл
мәндер C.O.P.® (Алдын ала көрсетілген оңтайлы
пісіру) жүйесінің көмегімен орнатылады. Пісіру үрдісі
автоматты түрде тоқтап, пеш тамақтың піскенін
көрсетеді. Пісіру ұзақтығын төмендегі жекелеген
функциялардың сипаттамасында көрсетілгендей
бірнеше минуттық кезеңге өзгертуге болады.
ҚУЫРУ функциясы
Бұзау, шошқа, қой және сиыр етін пісіру үшін осы
функцияны пайдаланыңыз. Тамақты қыздырылмаған
пештің ішіне салыңыз. Тамақты алдын ала
қыздырылған пешке де салуға болады. Ұзақтықты
-10/+10 минутқа ғана реттеуге болады.
ПІСІРІЛГЕН БӘЛІШ функциясы
Бұл — бәліш пісіру үшін тамаша функция. Тамақты
қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Тамақты
алдын ала қыздырылған пешке де салуға болады.
Ұзақтықты -10/+15 минутқа ғана реттеуге болады.
НАН функциясы
Бұл функцияны нан пісіру үшін пайдаланыңыз. Рецепт
пен қосымша мәліметтерді келесі тараудан қараңыз.
Ықтимал үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін
төмендегі нұсқауларды мұқият орындауға кеңес
беріледі:
• Рецепт бойынша жасаңыз.
• 7-позицияға салынатын нан пісіретін науаға
150 г (150 мл) салқын су құюды ұмытпаңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Егер
тамақты алдын ала қыздырылған пешке салғыңыз
келсе, жоғары температуралы пісіру бағдарламасынан
кейін температура 40° градусқа түскенше дисплейде
бірден «Hot» («Ыстық») деген мәтін көрінеді. Осы
кезде нанды пешке салуға болады.
ПИЦЦА функциясы
Бұл функцияны пицца пісіру үшін пайдаланыңыз.
Қосымша мәліметтерді келесі тараудан қараңыз.
Ұзақтықты -5/+12 минутқа ғана реттеуге болады.
Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін төмендегі
нұсқауларды мұқият орындауға кеңес беріледі:
• Рецепт бойынша жасаңыз.
• Қамырдың салмағы 350 г мен 500 г аралығында
болуы тиіс.
• Таба мен нан пісіретін науаларды аздап
KZ
67

Advertenties

Inhoudsopgave
loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Os 99d c ix/haOs 997d c ix/haOs 992d c ix/ha

Inhoudsopgave