• шайып мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғы ішіндегі
түтікшелер жəне/не сымдардың
ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не
бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш
заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош
иістендірілген тазалағыш заттарды не
балауыз жылтыратқыштарды
пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар
құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда
ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара
гриль) мен компрессорды шөтке не
шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу
құрылғы жұмысын жақсартып, электр
шығынын азайтады.
Өте маңызды! Салқындатқыш жүйеге еш
нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың құрамында
осы құрылғы үшін пайдаланылған
пластиктерге зиянды əсер ететін
химикаттар бар. Сондықтан да осы
құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған
жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау
ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
Тоңазытқыш мұзын жібіту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнерге түтікше арқылы жиналады да,
осы жерде буға айналады.
Тамақтардың үстіне су төгіліп немесе
тамшыламас үшін тоңазытқыш
ортасындағы каналдағы еріген суды
ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл тазалап
отырған дұрыс. Арнайы берілген
тазалағышты пайдаланыңыз, оны су
ағызатын тесіктен таба аласыз.
22
Мұздатқыш камераның мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде қырау əрқашан жиналады.
Мұздатқыш камераның қырауының
қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған кезде,
оны жібітіңіз.
Қырауды кетіру үшін төмендегі
нұсқауларды орындаңыз:
• электр ашасын жардағы розеткадан
суырыңыз немесе құрылғыны сөндіріңіз
• ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше
қабат газетке ораңыз да, салқын жерге
қойыңыз
• мұздартқыштың тартпаларын алыңыз
• тартпалардың айналасына жылу
өткізбейтін материал қойыңыз, мысалы,
жамылғылар немесе газеттер.
Мұздатқыштың мұзын ерітуді ішіне ыстық
су (қайнап тұрмаған) құйылған
тостағандарды қою арқылы жылдамдатуға
болады.
• Ағызу арнасын бекітілген күйінен
босатыңыз, оны суретте көрсетілгендей
басыңыз жəне оған су жиналуы үшін
мұздатқыштың төменгі тартпасына
салыңыз
• ери бастаған кезде мұзды ақырын қырып
тастаңыз. Ағаш немесе пластмасса
қырғышты пайдаланыңыз
• барлық мұз еріген кезде, камераны
тазалаңыз жəне құрғата сүртіңіз, содан
кейін ағызу арнасын өз орнына қойыңыз.
www.zanussi.com