Download Print deze pagina

Kärcher KHD 4 Originele Gebruiksaanwijzing pagina 134

Advertenties

Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 35
Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдану қаупі!
Ағынның тым қысқа қашықтығына немесе
жарамсыз ағын түтігін пайдалануға байланысты
боялған немесе сезімтал беттердің зақымдары.
Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем
емес шегіністі сақтаңыз.
Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал
беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.
1. Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз
жəне оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
Сурет J
2. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан
ашыңыз.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
Тазалау құралдарымен пайдалану
ҚАУІП
Денсаулыққа қауіп!
Жуғыш құралдар тиісінше пайдаланылмаған
жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.
Тазалау құралы өндірушісінің қауіпсіздік деректер
парағын қараңыз.
Көрсетілген жеке қорғаныс құралдарын киіңіз.
Нұсқау
KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс
істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат
етіңіз немесе біздің каталогты жəне тазалағыш
заттар туралы ақпараттық парақтарымызды
сұраңыз.
Нұсқау
Жуғыш құралдарды тек төменгі қысым кезінде
араластыруға болады.
1. Корпустан жуғыш құралға арналған сору
құбыршегінің қажетті ұзындығын тартыңыз.
Сурет K
2. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін жуғыш
құралдың ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
3. Vario Power тетігін пайдаланыңыз.
4. Тетікті «SOFT» күйіне тірелгенше бұраңыз.
Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су
ағысына араластырылады.
Ұсынылатын жуу тəсілі
1. Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке
шашыңыз жəне сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
2. Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен
шайып тастаңыз.
Жуғыш құралмен жуғаннан кейін
1. Құрылғыны 30 секунд бойы таза сумен жуып
тастаңыз.
Жұмысты тоқтату
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде
жоғары қысым қалады.
2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Сурет L
3. Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде
құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
134
Жұмыстың аяқталуы
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар!
Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу.
Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды
тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд
бойы басып тұрыңыз.
Жүйеде қалған қысым төмендетіледі.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
6. Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
7. Құрылғыны су құбырының желісінен
ажыратыңыз.
8. Желі істікшесін розеткадан ажыратыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының салмағына байланысты жарақат
алу жəне зақымдану қаупі!
Жарақат алу жəне зақымдану қаупі.
Тасымалдау жəне жүктеу кезінде құрылғының
салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны сүйреу
1. Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан сүйреңіз.
Автомобильмен тасымалдау
1. Құрылғыны қисаймайтындай жəне
құламайтындай етіп бекітіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының салмағына байланысты жарақат
алу жəне зақымдану қаупі!
Жарақат алу жəне зақымдану қаупі.
Тасымалдау жəне жүктеу кезінде құрылғының
салмағын ескеріңіз.
1. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
2. Босату түймесін басып, жоғары қысымды
шлангты жоғары қысымды пистолеттен
ажыратыңыз.
3. Жоғары қысымды пистолеттегі бүріккіш түтікті
бөлшектеңіз.
4. Бүріккіш түтікті жəне жоғары қысымды пистолетті
тиісті қоймаға қойыңыз.
5. Жоғары қысымды шлангті құрылғыдан
бөлшектеңіз.
6. Уберите шланг высокого давления для хранения
на устройстве.
7. Желі кабелін желі ашасымен бірге құрылғыға
салыңыз.
Ұзақ сақтау алдында қосымша нұсқауларды, Күтім
жəне техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдану қаупі!
Судың қатуына байланысты құрылғы мен керек-
жарақтардың зақымдалуы.
Құрылғы мен керек-жарақтарды əр қолданғаннан
кейін толығымен босатыңыз.
Қазақша
Тасымалдау
Сақтау
Құрылғыны ұстау
Аяздан қорғау

Advertenties

loading