Download Print deze pagina

Kärcher KHD 4 Originele Gebruiksaanwijzing pagina 132

Advertenties

Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 35
Құрылғыдағы белгілер
Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға,
жануарларға, жұмыс істеп тұрған
электрлік құрылғыға жəне құрылғының
өзіне бағыттауға тыйым салынады.
Құрылғыны аяздан қорғаңыз.
Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу
желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.
Бұйымды мақсатына сəйкес
қолдану
Жууға арналған аппаратты тек үй шаруашылығына
арналған қысымда ғана пайдалаңыз.
Қысыммен жуу аппараты машиналарды,
тасымалдау құралдарын, құрылымдарды,
құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бай-бақша
жабдықтарын қысымды ағынның көмегімен
тазалауға арналған.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Тазарту кезінде құрамында майы бар ақпасулар
туындайтын жұмыстарды (мысалы,
қозғалтқыштарын, түптерін жуу) майлы айырғышы
бар жуу алаңдарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі.
Жуғыш құралдармен жұмыстарды кəрізге
бұрылатын герметикалық жұмыс алаңдарында
ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды
су қоймаларына немесе жерге төкпеңіз.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтерді мына мекенжай бойынша табуға
болады: www.kaercher.de/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
132
Құрылғының сипаттамасы
Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз
Сурет A
Қиын кетірілетін дақтар үшін фрезалары бар
1
шүмек
Жалпы тазалау жұмыстарына арналған Vario
2
Power шүмегі
Жұмыс қысымын «ЖҰМСАҚ» күйден «ҚАТТЫ»
күйге баяу көтеруге болады. Жұмыс қысымын
өзгерту үшін жоғары тегеурінді пистолеттің
тетігін жіберіңіз жəне шүмекті қалаған күйге
бұраңыз. Шүмек SOFT (ЖҰМСАҚ) күйіне
толығымен бұралған кезде жуғыш құралды
қосуға болады.
Жоғары тегеурінді пистолет
3
Босату түймесі
4
Жоғары қысымды пистолет тұтқасы
5
Жоғары қысымды пистолеттің фиксаторы
6
«0/OFF»/«I/ON» ажыратқышы
7
Жоғары қысымды пистолетті сақтау
8
Тасымалдау тұтқасы
9
Жоғары қысымды шлангті/желіге қосылу
10
кабелін сақтау
Ағынды құбырларды сақтау
11
Дөңгелек
12
Зауыт тақтайшасы
13
Жоғары тегеурінді құбыршекті қосуға/ажыратуға
14
арналған қысқыш
Жоғары тегеурінді құбыршек
15
Жуғыш зат бөтелкесінің ұстағышы
16
*Бақша шлангісі (матамен нығайтылған,
17
диаметрі – кемінде 1/2 дюйм (13 мм), ұзындығы
– кемінде 7,5 м, стандартты жылдам
байланыстыратын жалғағышпен)
Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасы
18
**Ашық ыдыстардан су жіберуге арналған
19
KÄRCHER сору құбыршегі
Су жеткізуге арналған кіріктірілген елегі бар
20
жалғағыш
Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш
21
кабель
Бұрандалар
22
Жуғыш затты соратын түтік
23
* қосымша талап етіледі
** қосымша қол жетімді
Суреттерді графикалық беттен қараңыз.
Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген
бөлшектерді монтаждаңыз.
Жиынтықтан бұранданы жəне сəйкес келетін
бұрауышты дайындап қойыңыз.
Қазақша
Орнату

Advertenties

loading