Download Print deze pagina

Hilti SPN 6-22 Originele Handleiding pagina 375

Advertenties

Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін. Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі
бір сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар. Пайдаланушы мен оның
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп
класы бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді
пайдалану немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті
шараларды қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер
жатады:
Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
Шаңды көз бен денеден алыстату,
Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
Өніммен жұмыс істеген кезде қорғаныш қолғап киіп жүріңіз. Алмалы-салмалы аспап пайда-
лану кезінде қызып, күйіп қалу қаупін тудырады. Пайда болатын кесік жиектері мен металл
жоңқасының қырлары өткір және жарақат алу қаупін тудырады.
Құралды алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын да киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию
кесіктерге және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт
жұмыс істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры
не жүйкесіне теріс әсер тиюі мүмкін.
Өнімді қолдану барысында қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш касканы және қорғауыш
құлаққапты киіп жүріңіз.
Өнімді жұмыс күйіне орнатылғаннан кейін ғана қосыңыз.
Өнімді алып тастау алдында ол толығымен тоқтағанша күтіңіз.
Өніммен бас үстінен жұмыс істемеңіз.
Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
Аталмыш құралға белдікке ілуге арналған ілгекті монтаждамаңыз.
Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт
қаупі туындайды!
Электр қауіпсіздігі
Ток өткізетін материалдарды жиі өңдеген кезде кір өнімдерді Hilti қызмет көрсету орталығына
жүйелі түрде тексертіңіз. Өнім бетіне жабысқан шаң (әсіресе ток өткізгіш материалдарда)
немесе ылғал жағымсыз жағдайларда электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Электр құралдың желдету саңылауларын тұрақты түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш желдеткіші
корпусына тартылатын металл шаңының артық концентрациясы электр тогының соғу қаупін
тудыруы мүмкін.
Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су
жүргізу құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен.
сымдарына, мысалы, кездейсоқ зақым келтірсеңіз, өнімнің ашық металл бөліктері электр
тогының өткізгіштеріне айналуы мүмкін.
Ток өткізетін дайындамаларды кеспеңіз.
Жұмыс орны
Жұмыс орнындағы тазалықты сақтаңыз. Металл жоңқасы өткір болып табылады және денеге
сызат түсіруі мүмкін.
*2327535*
2327535
Қуат
368

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Spn 6-22 02