Тереңдік шектегішін бөлшектеу
1.Қосымша тұтқыштағы құлыптан босату түймесін басып тұрыңыз.
2.Тереңдік шектегішін қосымша тұтқыштағы тереңдік шектегішінің бекіткішінен тартып шығары-
ңыз.
3.Қосымша тұтқыштағы құлыптан босату түймесін жіберіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты ауыстыру
АБАЙЛАҢЫЗ
Алмалы-салмалы құралды мұқият пайдаланбаса, одан жарақат алу қаупі бар! Алмалы-
салмалы аспап ыстық не өткір болуы мүмкін.
▶
Алмалы-салмалы аспапты ауыстырған кезде қорғауыш қаптаманы тіреңіз.
Алмалы-салмалы аспапты енгізбес бұрын оның енгізілетін ұшын сәл майлаңыз.
Өнімнің зақымдалуына жол бермеу үшін тек Hilti ұсынған түпнұсқа майды пайдаланыңыз.
1.Тоқтатқыш төлкені кері тартып, алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.
2.Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне (SDS) енгізіңіз.
3.Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне (SDS) шерту дыбысымен тірелгенше бұрап
кіргізіңіз.
▶
Алмалы-салмалы аспап бұғатталады.
4.Алмалы-салмалы аспаптың берік бұғатталғанын тексеріңіз.
Шаңжинағыш модульді үстіңгі жұмыстар үшін орнату (керек-жарақ)
1.Шаңжинағыш модульдің бекіткіш тілшіктерін шаңжинағыш модульге арналған жалғағыштарға
енгізіңіз.
2.Шаңжинағыш модульді сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
▶
Шаңжинағыш модуль бұғатталады.
Шаңсорғыш модульді орнату (керек-жарақ)
1.Перфоратордың оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы күйге ауыстырыңыз.
2.Тереңдік шектегішін бөлшектеңіз.
3.Қосымша тұтқышты, ол кедергі келтірмейтіндей бұраңыз.
4.Шаңсорғыш модульді перфоратордағы бұғаттау сұққышына іліңіз.
Ілу кезінде перфоратордың алмалы-салмалы аспабы шаңсорғыш модульдің шығару
бастиегі арқылы өтетіндігіне көз жеткізіңіз.
5.Шаңсорғыш модуль шерту дыбысымен тірелгенше, перфоратордағы электрлік интерфейсті
басыңыз.
6.Шаңсорғыш модуль дұрыс тірелгенін тексеріңіз.
Шаңсорғыш модульді бөлшектеу (керек-жарақ)
1.Перфоратордың оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы күйге ауыстырыңыз.
2.Шаңсорғыш модульдегі құлыпты басып тұрыңыз.
3.Электрлік интерфейсті перфоратордан тартып шығарыңыз.
4.Шаңсорғыш модульді перфоратордағы бұғаттау сұққыштарынан босатыңыз.
Биіктен құлаудан қорғаныс
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі құралдың және/немесе керек-жарақтың құлауынан!
▶
Тек өнім үшін ұсынылған Hilti құрал ұстағыш арқанын қолданыңыз.
▶
Құрал ұстағыш арқанның бекіту нүктесінде әр пайдалану алдында зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
*2351800*
4
259
2351800
6
7
5
259