Дірілдің жалпы көрсеткіші
Бетонда бұрғылау (a
Қашау
Дәлсіздік (K)
Жұмысқа дайындық
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі абайсыздан қосылу себебінен!
▶
Аккумуляторды орнату алдында оған қатысты өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
▶
Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында аккумуляторды
шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
Аккумуляторды зарядтау
1.Зарядтау алдында зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
2.Аккумулятордағы және зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің таза әрі құрғақ екендігіне көз
жеткізіңіз.
3.Аккумуляторды рұқсат етілген зарядтағыш құрылғы ішінде зарядтаңыз.
Аккумуляторды орнату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың құлауынан!
▶
Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде
бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶
Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1.Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
2.Аккумуляторды өнімге шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
3.Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
Аккумуляторды шығару
1.Аккумулятордың құлыптан босату түймесін басыңыз.
2.Аккумуляторды өнімнен шығарыңыз.
Қосымша тұтқышты орнату
1.Қосымша тұтқышты сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
▶
Тартпалы таспа кеңейеді.
2.Тартпалы таспаны құрал бекіткішіне орап қойыңыз.
3.Қосымша тұтқышты орналастырыңыз.
4.Қосымша тұтқышты сағат тілінің бағытымен айналдырыңыз.
▶
Тартпалы таспа құрал бекіткішіне оралып тартылады.
Тереңдік шектегішін орнату
1.Қосымша тұтқыштағы құлыптан босату түймесін басып тұрыңыз.
2.Тереңдік шектегішін қосымша тұтқыштағы тереңдік шектегішінің бекіткішіне енгізіңіз.
3.Қосымша тұтқыштағы құлыптан босату түймесін жіберіңіз.
▶
Тереңдік шектегіші бұғатталады.
258
)
B 2285
h,HD
B 22170
B 2285
B 22170
2
3
TE 5-22
14,2 м/с²
13 м/с²
10,3 м/с²
9,9 м/с²
1,5 м/с²
2351800
TE 522 + TE DRS-
5 (01)
15,1 м/с²
14,8 м/с²
10,9 м/с²
10,5 м/с²
1,5 м/с²
255
*2351800*