● EN 60335-2-69 сəйкес шаң класы H
құрғақ, жанғыш, зиянды шаң
шөгінділерін тазалау
● Жарылу қаупі жоқ заттарды сору
● Барлық шаң жарылыс кластарындағы
жанғыш шаңдарды сору (ең аз тұтану
энергиясы ME < 1 мДж болатын
шаңдардан басқа)
● Шаң мен үлкен кірді сору
● Құрылғы жарылу қаупі бар
аймақтардан тыс жерде орнатылған
болса, 22-аймақтағы жанғыш шаңды
сору
● Дымқыл жəне сұйық заттарды тазалау
● Коммерциялық пайдалану,
мысалы, қонақ үйлер, мектептер,
емханалар, фабрикалар, дүкендер,
кеңселер мен жалға алынған
ғимараттар
● Өнеркəсіптік пайдалану,
мысалы,сақтау жəне өндіру
аймақтарында
Құрылғы орнатылған жерде жіктелген Ex
аймағы болса, сəйкес Ex құрылғысын
пайдалану керек.
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуіне тек
DN40 жəне DN50 номиналды диаметрі
бар сору шлангісі кепілдік береді.
Кез келген басқа пайдалану дұрыс емес
болып табылады.
Құрылғы мына мақсаттар үшін
жарамайды:
● Жану температурасы ≤ 190 °C
болатын тұтану көздері мен шаңды
сору
● §1 SprengG, жарылғыш бу-ауа
қоспалары, сондай-ақ Al жəне Mg
шаңы мағынасында жарылғыш
немесе оған ұқсас заттарды сору
● Жанғыш сұйықтықтарды (тұтанғыш,
тез тұтанғыш, қауіпті заттар туралы
67/548/EEC директивасына сəйкес
тез тұтанғыш) (жану температурасы
55°C төмен), сондай-ақ жанғыш
шаңдардың жанғыш сұйықтықтармен
қоспаларын шаңсорғышпен тазалау
● Магний шаңын немесе ұнтағын сору
● Жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш
шаңнан тұратын қоспаларды сору
362
● Жарқыраған немесе ыстық
бөлшектерді тазалау, əйтпесе бұл
өртке немесе жарылысқа əкелуі
мүмкін
● Шаң шығаратын машинаға қосылу
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын
утилизациялауға болады.
Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз
түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық
бұйымдардың құрамында қате
қолдану немесе утилизациялау
нəтижесінде адам денсаулығына жəне
қоршаған ортаға қауіп төндіруі ықтимал,
құнды қайта өңделмелі материалдар
жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі
кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер
бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет
болады. Осы таңбамен белгіленген
құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша
нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы
соңғы мəліметтерді мына мекенжай
бойынша табуға болады:
www.kaercher.de/REACH
Керек-жабдықтар мен
қосалқы бөлшектер
ҚАУІП
Рұқсат етілмеген керек-жарақтарға
байланысты жарылыс қаупі
22 типті пайдалану үшін тек өндіруші
мақұлдаған жəне Ex белгісімен
белгіленген керек-жарақтарды ғана
пайдаланыңыз.
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе
қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз,
себебі ол құралдың қауіпсіз жəне
апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер
туралы ақпарат www.kaercher.com веб-
сайтында қолжетімді.
Қазақша