9. Құралды ең төмен жылдамдық параметріне
бұрап қойыңыз да, шығып кетпеуін қадағалаңыз.
Егер шығып кеткені анық байқалса, процедураны
қайталамас бұрын аксессуардың тік күйінде екенін
тексеріңіз.
АКСЕССУАРЛАРДЫ ТЕҢЕСТІРУ
Дәлдеп өңдеу үшін барлық аксессуарлар теңестірілген
болуы маңызды (автокөліктегі шиналар сияқты).
Аксессуарды реттеу немесе теңестіру үшін патронды
немесе цанга гайкасын ақырын босатып, аксессуарды
немесе цанганы 1/4 айналымға бұрыңыз. Патронды
немесе цанга гайкасын қайта бекітіп, айналмалы
құралды іске қосыңыз. Аксессуар теңестіріліп жұмыс
істеп жатқанын дыбыс және сезу арқылы айта
алатындай болу керек.
Үздік тепе-теңдікке жеткенше осы күйде реттеуді
жалғастыра беріңіз.
ПАЙДАЛАНУ
ЖҰМЫСҚА КІРІСУ
Көп функциялы құралды пайдалану бойынша бірінші
қадам - оны "сезу". Қолыңызда ұстап, оның салмағы
мен тепе-теңдігін сезініңіз. Корпус конусын сезініңіз.
Бұл конус құралға қалам немесе қарындаш сияқты
ұсталуына мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ! Құрал жоғары жылдамдықта қалай жұмыс
істейтінін көру үшін алдымен материал қиындыларында
қолданып көріңіз. Дұрыс Dremel аксессуары және
тіркемесімен бірге жылдамдыққа жұмысты сіз үшін
жасауға мүмкіндік беру арқылы көп функциялы құрал
жақсы жұмыс істейтінін есте сақтаңыз. Құралды
пайдаланған кезде мүмкіндігінше қысым түсірмеуге
тырысыңыз. Мұның орнына айналмалы аксессуарды
жұмыс бетіне ақырындап төмендетіңіз де, бастағыңыз
келетін жерге тиюіне мүмкіндік беріңіз. Жұмыс үстінде
қолыңызбен жай ғана қысу арқылы құралды бағыттауға
зейін қойыңыз. Аксессуарға жұмысты жасауына
мүмкіндік беріңіз.
Бүкіл жұмысты бір рет өтіп жасағанға қарағанда
құралмен бірнеше рет өткен дұрыс. Ақырын тигенде
жақсы басқара аласыз және қате жасау мүмкіндігі
азаяды.
ҚҰРАЛДЫ ҰСТАУ
Әрқашан құралды бетіңізден алшақ ұстаңыз.
Аксессуарларды өңдеген кезде зақымдалуы және
жылдамдыққа жеткендіктен ұшып кетуі мүмкін.
Құралды ұстаған кезде, желдету саңылауларын
қолыңызбен жаппаңыз. Желдету саңылауларын
жапқан кезде мотор қатты қызып кетуі мүмкін.
Жақын жұмыста жақсы басқару үшін көп функциялы
құралды қарындаш сияқты бас және сұқ сауғағыңызбен
ұстаңыз.
9
ҚОСУ/ӨШІРУ
Құралмен бірге берілетін 2610Z09729 (ЕО) және
2610Z09734 (Ұлыбритания) қуат адаптерін ғана
пайдаланыңыз.
Құралдың ТТ жалғағышын қуат адаптерінің ТТ
штепсельдік ұясына кіргізіңіз.
Қуат адаптерін розеткаға жалғаңыз.
ҚҰРАЛДЫ "ҚОСУЛЫ" КҮЙГЕ ОРНАТУ ҮШІН, көк қосу/
өшіру түймесін басып қалыңыз.
ҚҰРАЛДЫ "ӨШІРУЛІ" КҮЙГЕ ОРНАТУ ҮШІН, көк қосу/
өшіру түймесін басып қалыңыз.
ӨЗГЕРМЕЛІ ЖЫЛДАМДЫҚ ЦИФЕРБЛАТЫ
Құрал өзгермелі жылдамдық циферблатымен
жабдықталған. Жұмыс кезінде циферблатты алдын
ала қосу арқылы немесе параметрлердің кез келгені
арасында жылдамдықты реттеуге болады.
Әр жұмыс үшін дұрыс жылдамдықты таңдау үшін
материалдың үлгі бөлігін пайдаланыңыз.
ЖҰМЫС ЖЫЛДАМДЫҚТАРЫ
Өңделіп жатқан материал және пайдалану қажет
аксессуар үшін дұрыс жылдамдықты анықтау
мақсатында 7-беттегі кестені қараңыз.
Сым қылшақтарды пайдаланған кезде, жылдамдықты
15 000 айн/мин шамасынан арттырмаңыз.
Көптеген жұмыстарды ең жоғары параметрдегі құралды
пайдалану арқылы орындауға болады. Дегенмен,
белгілі бір материалдар (кейбір пластиктер және
металдар) жоғары жылдамдық арқылы бөлінетін
жылудан зақымдалуы мүмкін және салыстырмалы
түрде төмен жылдамдықтарда жұмыс істеуі керек.
Төмен жылдамдықта жұмыс істегенде (15 000 айн/мин
немесе одан аз) киізбен жылтырату аксессуарларын
пайдалану арқылы жылтырату жұмыстары үшін сәйкес
келеді. Ұстағыштан сымның шығып кетуін болдырмау
үшін барлық қылшақпен тазалау әрекеттері үшін төмен
жылдамдықтар қажет. Төмен жылдамдық параметрлерін
пайдаланған кезде құрал өнімділігіне жұмысты сіз үшін
жасауына мүмкіндік беріңіз. Жоғары жылдамдықтар
қатты ағаштар, металдар үшін және тесу, жону, кесу,
бұрыс пішін салу және пішіндеу үшін жұмыс жасау
кезінде тиімді.
Құрал жылдамдығына қатысты кейбір нұсқаулықтар:
•
Төмен температураларда балқитын пластик және
басқа материалдарды төмен жылдамдықтарда кесу
керек.
•
Қылшақ және материалды зақымдамау үшін
жылтырату, тегістеу және сым қылшақпен тазалау
әрекеттерін 15 000 айн/мин шамасынан жоғары
емес жылдамдықта орындау қажет.
•
Ағашты жоғары жылдамдықта кесу керек.
•
Темір немесе болатты жоғары жылдамдықта кесу
керек.
•
Жоғары жылдамдықта болат кескіш дірілдей
бастаса, әдетте бұл құралдың тым баяу жұмыс істеп
жатқанын білдіреді.
•
Орындалатын кесу әрекетіне байланысты
алюминий, мыс құйындысы, қорғасын құйындысы,
мырыш құйындысы және қалайыны әртүрлі
жылдамдықта кесуге болады. Кесу материалының
кескіш тістеріне жабысуын болдырмау үшін кескішке
парафин (су емес) немесе басқа сәйкес майды
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрал дұрыс жұмыс істемей жатқанда
қысымды көтеруге болмайды. Қажетті нәтижеге
қол жеткізу үшін басқа аксессуар немесе жылдамдық
параметрін пайдаланып көріңіз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ІШІНДЕ ПАЙДАЛАНУШЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ
!
АЛАТЫН БӨЛШЕКТЕР ЖОҚ. ӨКІЛЕТТІ ЕМЕС
ҚЫЗМЕТКЕР ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕНДЕ АУЫР ЗАҚЫМҒА ӘКЕЛУІ
МҮМКІН ІШКІ СЫМ МЕН ҚҰРАМДАСТАРДЫҢ ДҰРЫС
ЕМЕС ҚОСЫЛЫМЫНА ӘКЕЛУІ МҮМКІН.
Құрал сығылған құрғақ ауамен өте жақсы тазарады.
Құралдарды сығылған ауамен тазалаған кезде
A q
әрқашан да қауіпсіздік көзілдіріктерін тағыңыз.
114
ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ