Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Фрезерлеу тереңдігін реттеу
(D–E суреттерін қараңыз)
Кесу тереңдігін орнатуды тек электр құрылғы
u
өшірулі кезде орындау керек.
Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін
дайындамаға қойыңыз.
Фрезерлеу тереңдігін реттеу тетігін босату үшін құлыптау
дөңгелегін (14) шамамен жарты айналымға, сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
Фрезерлеу тереңдігін шамамен реттеу түймесін (8)
басып тұрыңыз. Жетек блогын жоғары немесе төмен
жылжытып, қажетті фрезерлеу тереңдігін шамамен
реттеп шығыңыз. (8) түймесін жіберіңіз.
Айналмалы реттегіштің (10) көмегімен дәл фрезерлеу
тереңдігін реттеп шығыңыз. Айналмалы реттегіштің бір
айналымы фрезерлеу тереңдігін 1 мм-ге өзгертеді.
Фрезерлеу тереңдігін реттеу тетігін құлыптаңыз, ол үшін
құлыптау дөңгелегін (14) шамамен жарты айналымға,
сағат тілінің бағытымен бұрау керек.
Фрезерлеу тереңдігінің реттелгенін тәжірибе арқылы
тексеріп, қажетінше түзетіңіз.
Егер реттелген фрезерлеу тереңдігі ұзақ уақытқа сақтау
керек болса, бекіткіш бұранданы (11) фрезерлеу
тереңдігін дәл реттеуге арналған айналмалы реттегішке
(10) бұрап кіргізуге болады.
Іске қосу
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (5) ауыстырып-
қосқышта І көрсетілетіндей төмен жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5)
ауыстырып-қосқышта 0 көрсетілетіндей жоғары
жылжытыңыз.
Bosch Power Tools
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Фрезаларды соқтығысудан және соққыдан
u
қорғаңыз.
Фрезерлеу бағыты және фрезерлеу процесі
(F–G суреттерін қараңыз)
Фрезерлеу процесін үнемі фрезаның (17) айналу
u
бағытына қарсы орындау керек (кері қозғалыс).
Қозғалыс бағытымен (синхронды қозғалыс)
фрезерлеу кезінде электр құралын қолмен жүргізуге
болады.
Нұсқау: Фреза (17) негізгі тақтадан (12) әрдайым шығып
тұруына көз жеткізіңіз. Шаблон немесе дайындаманы
қазымдамаңыз.
Керекті фрезерлеу тереңдігін реттеңіз.
Электр құралын қосып өңделетін жайға апарыңыз.
Фрезерлеу процесін біркелкі алға жылжыту арқылы
орындаңыз.
Фрезерлеуден соң электр құралын өшіріңіз.
Фрезер толық тоқтағанша электр құралын алып
u
қоймаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы
аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Шеттік немесе пішіндік фрезалар (H суретін қараңыз)
Параллель тірексіз жиектерді және профидьдерді
фрезерлеу кезінде фреза бағыттағыш шетмойынмен
немесе шарикті подшипникпен жабдықталуы керек.
Қосылған электр аспапты бағыттағыш шетмойын немесе
шарикті подшипник дайындаманың өңделетін жиегіне
тірелетіндей етіп қойыңыз.
Электр құралын дайындама шеті жағалай басқарыңыз.
Сонымен қатар, тік бұрышты қойылуын қадағалаңыз. Тым
қатты күш түсірген жағдайда дайындама жиегі
зақымдануы мүмкін.
Жиектерді және профильдерді фрезерлеу үшін төмендегі
максималды дайындама өлшемдері жарамды болады:
Материал
Қатты сүрек
Жұмсақ сүрек
Пластик
Ортаңғы тығыздықты ағаш
талшықты тақталар
Мультиплекс тақталары
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Қазақ | 129
Радиусы
Фаза
мм
мм
10
6
12
10
12
10
12
10
10
6
1 609 92A A2N | (12.08.2024)