128 | Қазақ
Температураны бақылау/артық жүктемеден
қорғаныс индикаторы
Қызыл түсті жарық диодты индикатор аккумуляторды
қатты қызып кетуден және қозғалтқышты артық
жүктемеден қорғайды.
Жарық диодты индикатор тұрақты түрде қызыл түспен
жанып тұрса, бұл аккумулятор температурасының тым
жоғары екендігін білдіреді және электр құралы автоматты
түрде өшіп қалады.
– Электр құралын өшіріңіз.
– Жұмысты жалғастырудан бұрын аккумуляторды
суытыңыз.
Жарық диодты индикатор қызыл түспен жыпылықтаса,
бұл электр құралының бұғатталғанын білдіреді және ол
автоматты түрде өшіп қалады.
Электр құралын дайындамадан тартып алыңыз.
Бұғатталу мәселесі шешілгеннен кейін, электр құралы
жұмысын жалғастырады.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Жұмыс құралын ауыстыру
Фрезаларды орнату мен алмастыруда қорғауыш
u
қолғапты кию ұсынылады.
Көлемді Bosch керек-жарақтар бағдарламасына жататын
түпнұсқа фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Цангалы қысқышты алмастыру
(A–B суреттерін қараңыз)
Пайдаланылатын фрезаға байланысты фрезаны
орнатудан бұрын салмалы гайканы цангалы қысқышпен
(9) алмастыру керек.
Егер фрезаңыз үшін тиісті цангалы қысқыш алдын ала
орнатылған болса, төмендегі бөлімдегі жұмыс
қадамдарын орындаңыз.
1 609 92A A2N | (12.08.2024)
Цангалы қысқыш (15) салмалы гайка ішінде азғантай бос
орынмен орналасуы керек. Салмалы гайка (9) оңай
орнатылуы тиіс . Егер салмалы гайка немесе цангалы
қысқыш зақымдалған болса, оны дереу алмастырыңыз.
Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (7) таңбалама
көрсеткісіне (6) дейін корпуста тартып шығарыңыз.
Қажет болса, қозғалтқыш шпинделін қолмен тірелгенше
бұраңыз. 60°-қа реттелген алты позицияға келтіруге
болады.
Салмалы гайканы (9) сағат тілінің бағытына қарсы айыр
тәрізді кілтпен (18) бұрап шығарыңыз.
Қажет болса, құрастырмас бұрын барлық орнатылатын
бөліктерді жұмсақ шүберекпен немесе сығылған ауамен
үрлеп тазартыңыз.
Жаңа салмалы гайканы құрал бекіткішіне (16)
орнатыңыз.
Салмалы гайканы бос етіп тартыңыз.
Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (7) корпусқа кері
жылжытыңыз.
Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған
u
болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе
қысқаш зақымдануы мүмкін.
Фрезаны орнату (C суретін қараңыз)
Фрезаларды орнату мен алмастыруда қорғауыш
u
қолғапты кию ұсынылады.
Фрезалар пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі
нұсқалар мен сапа деңгейлерінде қолжетімді.
Жылдам кесілетін болаттан (HSS) жасалған қуатты
фрезалар жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ
материалдарды өңдеуге жарамды.
Қатты құймалы (HM) кескіш жиекті фрезалар қатты
ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті
материалдарға арналған.
Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын
айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Тек ақаусыз және таза фрезаларды пайдаланыңыз.
Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (7) таңбалама
көрсеткісіне (6) дейін корпуста тартып шығарыңыз.
Қажет болса, қозғалтқыш шпинделін қолмен тірелгенше
бұраңыз. 60°-қа реттелген алты позицияға келтіруге
болады.
Салмалы гайканы (9) сағат тілінің бағытына қарсы айыр
тәрізді кілтпен (18) бұрап шығарыңыз.
Фрезаны цангалы қысқышқа енгізіңіз. Фреза білігі
цангалы қысқышқа кемінде 20 мм-ге кіргізілуі тиіс.
Салмалы гайканы сағат тілінің бағытымен қайтадан бұрап
бекітіңіз.
Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (7) корпусқа кері
жылжытыңыз.
Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған
u
болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе
қысқаш зақымдануы мүмкін.
Bosch Power Tools