4.Шпиндельді бұғаттау түймесін толықтай ішке кіргізіп, бұранданы ішкі алты қырлы кілттің
көмегімен мықтап тартыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесі толығымен ішке кіргеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе ара төсемі
айналуы және жарақаттануға әкелуі мүмкін.
5.Жаңа ара төсемінің қаптамасын 4 ұстағыш бұрандамен бірге орнатып, бұрандаларды ішкі
алты қырлы кілттің көмегімен мықтап тартыңыз.
Биіктен құлаудан қорғаныс
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі құралдың және/немесе керек-жарақтың құлауынан!
Тек өнім үшін ұсынылған Hilti құрал ұстағыш арқанын қолданыңыз.
▶
Құрал ұстағыш арқанның бекіту нүктесінде әр пайдалану алдында зақымдардың бар-жоғын
▶
тексеріп шығыңыз.
Биік жерде жұмыс істеу бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
Бұл өнім үшін биіктен құлаудан қорғаныс ретінде тек Hilti ұсынған #2293133 құлаудан
сақтандырғышын Hilti ұсынған #2261970 құрал ұстағыш арқанымен бірге қолданыңыз.
Құлаудан сақтандырғышты керек-жараққа арналған монтаждық саңылауларға бекітіңіз. Берік
▶
бекітілгенін тексеріңіз.
Құрал ұстағыш арқанның карабинін құлаудан сақтандырғышқа, ал екінші карабинді жүк
▶
көтеретін құрылымға бекітіңіз. Екі карабиннің берік бекітілгенін тексеріңіз.
Hilti құлаудан сақтандырғышының және Hilti құрал ұстағыш арқанының пайдалану бойын-
ша нұсқаулықтарына назар аударыңыз.
Жоңқа контейнерін орнату немесе алып тастау
1.Орнату үшін жоңқа контейнерінің адаптерін жоңқа контейнері ұстағышының үстіне шерту
дыбысымен тірелгенше жылжытыңыз.
2.Алып тастау үшін жоңқа контейнерінің адаптеріндегі екі қысқышты да сәл сыртқа тарту арқылы
босатыңыз.
Бүйірлік тұтқышты монтаждау
Бүйірлік тұтқышты бұрандалы саңылаулардың біріне бұрап кіргізіңіз.
▶
Саңылау енін реттеу
1.Енін реттеу бұрандасын босатыңыз.
2.Қалаулы саңылау еніне қол жеткізу үшін енін реттеу блогын солға немесе оңға жылжытыңыз.
Қызмет көрсету
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
Қосу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі Өнімді бақылау мүмкіндігінен айырылу.
Өнімді пайдаланбас бұрын бүйірлік тұтқыш, қыспа фланец, ара төсемінің қаптамасы және
▶
барлық басқа бұрандалар берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
1.Қосқыш/ажыратқыштың артқы бөлігін басыңыз.
2.Қосқыш/ажыратқышты алға жылжытыңыз.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұр.
▶
3.Қосқыш/ажыратқышты бекітіңіз.
265
2412886
*2412886*