1
2
3
4
1
Сүзгі камерасының қақпағы
2
Сүзгі таратқыш
3
Негізгі сүзгі
4
Тығыздағыш сақина
1. Қосылым шлангісіндегі қысқышты босатып,
алыңыз.
2. Сүзгі камерасының қақпақтарын ашыңыз.
3. Сүзгі камерасының қақпағын алыңыз.
4. Сүзгі камерасы мен орнатылған сүзгісіне жаңа
қоқысқа арналған қапты салыңыз.
5. Сүзгіні қоқысқа арналған қапқа тартып, сору
контейнерінен шығарыңыз.
6. Қоқысқа арналған қапты жауып, оны тастаңыз.
7. Жаңа сүзгіні салмас бұрын құрылғының сыртын
мұқият тазалаңыз.
8. Тығыздағыш сақинаның зақымдалуын тексеріңіз.
9. Жаңа сүзгіні кері ретпен салып, сүзгі
таратқышының сүзгі қалталарында дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз.
Ақаулар кезіндегі көмек
ҚАУІП
Құрылғының кездейсоқ іске қосылуы /тоқ
соғуы
Сору қозғалтқышының кездейсоқ іске қосылуы
жарақатқа əкелуі мүмкін. Электр бөліктеріндегі
кернеу электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
Құрылғыда қандай да бір жұмыс жасамас бұрын,
оны өшіріп, қуат ашасын алыңыз.
182
Қозғалтқыш (Сору турбинасы) жұмыс істемейді
Электр кернеуі жоқ
Қуат көзінің розеткасын жəне сақтандырғышын
тексеріңіз.
Құрылғыдағы желі кабелі мен штепсельдің
айырын тексеріңіз.
Барлық бөліктерінің бітеліп қалмағанын
тексеріңіз.
Барлық электр қосылымдарының тығыздығын
тексеріңіз.
Сору күші бірте-бірте азаяды
Сүзгі, саптама, сору шлангі немесе сору құбыры
бұғатталған.
Керек-жарақтардың бітелулерін тексеріңіз.
Қажет болған жағдайда, керек-жарақтарды
тазалаңыз.
Сүзгіні тазалаңыз.
Қажет болған жағдайда, сүзгіні өзгертіңіз.
Тазалау кезінде шаңның шығуы
Сүзгі дұрыс бекітілмеген немесе ақаулы.
Сүзгіні тазалап, дұрыс салыңыз.
Сүзгіні ақауларға тексеріп, қажет болса
ауыстырыңыз.
Тұтынушыларға қызмет көрсету
Ақау жойылмаған болса, шаңсорғышты сервистік
қызметте тексеру керек.
Əр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік
шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық
немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда,
ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз
жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз
болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе
жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына
түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
(Мекенжайымыз артқы бетте)
Кепілдік туралы қосымша ақпаратты (бар болса)
жергілікті Kärcher веб-сайтының «Жүктеулер»
бөліміндегі қызмет көрсету бөлімінде табуға болады.
ЕО стандарттарына сəйкестігі
туралы декларация
Осымен төменде көрсетілген машина қауіпсіздік
жəне денсаулық қорғау бойынша ЕО
директиваларының талаптарына сəйкес келетіні
мəлімдейміз. Бізбен келісусіз машинаның
конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация
өз күшін жояды.
Өнім: Ылғал жəне құрғақ тазалауға арналған
шаңсорғыш
Түрі: 9.987-xxx
Қазақша
Кепілдік