• Құрылғыны өзгертуге немесе техникалық
өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.
•
Құрылғыдағы,
жабдықтарындағы немесе
орамындағы бұл белгі
құрылғыны қалыпты қоқысқа
тастауға болмайтынын,
арнаулы оталыққа өткізу
қажет екенін білдіреді! ЕО және басқа
Еуропа елдерінде құрылғыны қайта қолдану
үшін электр және электрондық өнімдерді
жинайтын арнайы орталыққа өткізіңіз.
Құрылғын қоқысқа дұрыс тастау арқылы
дұрыс тастамау салдарынан орын алатын
қоршаған ортаға және адамдардың
денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды
азайтуға үлес қосасыз. Материалдарды
қайта қолдану табиғи қорларды үнемдеуге
үлес қосады. Сондықтан, ескі электр және
электрондық өнімдерді қалыпты қоқысқа
тастамаңыз.
• Орамы қоршаған ортаға зиян келтірмейтін
материалдардан жасалған, оларды
жергілікті қайта қолдану орталықтарына
апаруыңызға болады. Орамы мен орам
материалдарын қоқысқа дұрыс тастау
арқылы қоршаған ортаға және адамдардың
денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды
азайтуға үлес қосасыз.
• Егер болса, құрылғымен жабдықталған АТ
адаптерін ғана қолданыңыз. Басқа АТ
адаптерлер құрылғыға залал келтіруі
мүмкін. Құрылғымен жабдықталған АТ
адаптерін басқа құрылғылармен қолдануға
болмайды.
• Қолдануға дейін, құрылғы мен қуат
кабелінің (егер болса, адаптердің) күйін
тексеріп алыңыз. Егер көзге көрінетін бүліну
белгілері байқалса, күшті иіс шығарса
немесе бөлшектері шамадан тыс қызып
кетсе, қосқыштарын суырып, құрылғыны
қолдануды бірден тоқтатыңыз.
• Құрылғыны жарамды, дұрыс орнатылған
және жақын орналасқан розеткаға ғана
жалғаңыз. Құрылғының розеткадан кез
келген уақытта ажырап кетуі мүмкін екенін
ескеріңіз.
• Дауыл кезінде немесе қолданыстан тыс
кезде, құрылғыны суырып қойыңыз.
• Қызып кетпес үшін, құрылғыны
тұмшаламаңыз, жылу көздеріне жақын
немесе күн көзі тікелей түсетін жерге
қоймаңыз және орташа температура 0 °C
және 40 °C аралығндағы ортада ғана
қолданыңыз.
• Құрылғына перде және маталар сияқты
жылдам тұтанатын заттарға жақын
орналастырмаңыз.
• Құрылғыны тазалағанда, алдымен қуат
көзінен ажыратыңыз. Сүрткілер мен
химиялық заттарды қолданбаңыз, беткейіне
зиян келтіруі мүмкін. Корпусын сулы
шүберекпен сүртіп алыңыз. Электр/
электронды бөлшектерін тазалауға
болмайды.
• Егер жабдықталған болса, адаптерді үшінші
жақтардан қорғаңыз (әсіресе балалардан).
Жаңа адаптерді құрғақ және балалардың
қолы жетпейтін жабық жерде ұстаңыз.
• Жарылыс болуы мүмкін жерде қолдануға
болмайды. Құрылғыны жалындағыш
сұйықтықтар, газдар немесе шаң сияқты,
жарылысқа бейім заттар тұрған ортада
қолдануға болмайды.
• Егер өніммен бірге адаптер жабдықталса,
бұл адаптерді ТТ құрылғыларымен ғана
қолдануға болады (терминалдар).
Терминалды құрылғының кернеуі адаптерде
көрстілген кернеуге сай болуын және
полярлығы дұрыс болуын қадағалаңыз.
Құрылғы ондай ортада қолдануға
құпталмаған.
• Құрылғыны розеткаға жалғауға дейін, қуат
ашасының кернеуі розетканың кернеуіне
сай болуын тексеріңіз.
• Құрылғыны тұрақты және жерге
тұйықталған АТ қабырға розеткасына ғана
жалғау қажет (16A сақтандырғышты).
• Қуат сымының тартылып, қысылып
қалмауын қадағалау қажет және
адамдардың аяғы шалынатындай жерге
тастауға болмайды. Әсіресе ашаның және
қуат сымының құрылғыдан шығатын
аймағының бүлінбеуін қадағалаңыз.
33