Download Print deze pagina

Қорғаныс Құрал-Жабдықтары; Құрылғыдағы Белгілер; Орнату; Пайдалануға Енгізу - Kärcher K 2 Classic Handleiding

Verberg thumbnails Zie ook voor K 2 Classic:

Advertenties

Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жетіспейтін немесе өзгертілген қорғаныс
құрал-жабдықтары!
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
Қауіпсіздік құрылғыларын айналып өтпеңіз, алып
тастамаңыз немесе өшірмеңіз.
Ажыратқыш
Ажыратқыш құрылғының кездейсоқ қосылуына
кедергі болады.
Жоғары тегеурінді пистолеттің фиксаторы
Фиксатор жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін
бұғаттайды жəне құрылғының кездейсоқ іске
қосылуына кедергі болады.
Автоматты түрде өшу функциясы
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігі жіберілген кезде
сорғының пневматикалық ажыратқышы өшеді жəне
жоғары тегеурінді ағыс тоқтайды. Тетікті басқан
кезде сорғы қайтадан қосылады.
Құрылғыдағы белгілер
Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға,
жануарларға, жұмыс істеп тұрған
электрлік құрылғыға жəне құрылғының
өзіне бағыттауға тыйым салынады.
Құрылғыны аяздан қорғаңыз.
Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу
желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.
Орнату
Суреттерді графикалық беттен қараңыз.
Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген
бөлшектерді монтаждаңыз.
Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны
монтаждау
1. Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны су
жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз.
Сурет B
Пайдалануға енгізу
1. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
2. Жоғары тегеурінді құбыршекті толық шешіп,
ілмектер мен бұрылыстарды босатыңыз.
3. Жоғары тегеурінді құбыршекті құрылғыға
жалғаңыз.
a Муфтадағы қысқышты көтеріңіз.
b Жоғары тегеурінді құбыршекті муфтаға
салыңыз.
c Муфтадағы қысқышты төменге басыңыз.
Сурет C
4. Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді
пистолетке жалғаңыз.
a Қысқышты қысыңыз.
b Қысқышты шығарыңыз.
c Жоғары тегеурінді құбыршекті салыңыз.
d Сарт етіп жабылғанша тұтқаны қысып
тұрыңыз.
Сурет D
5. Жоғары тегеурінді құбыршекті тартып, бекіністің
сенімділігін тексеріңіз.
6. Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.
100
Қосылатын жүктемені Фирмалық тақтайшадан
немесе бөлімнен қараңыз Техникалық
мағлұматтар.
Сумен қамтамасыз ету кəсіпорнының нұсқауларын
сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Ластанған судың келтіретін залалы
Судағы ластанулар сорғының жəне оның
жабдықтарының зақымдануына алып келеді.
KÄRCHER қорғау үшін KÄRCHER су сүзгісін
пайдалану ұсынылады (арнайы жабдық, тапсырыс
беру нөмірі 4.730-059).
Су құбырына қосылу
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғының су қосылымында шлангінің
Aquastop-пен байланысы
Сорғының зақымдануы
Құрылғының су қосылымында ешқашан Aquastop-
пен байланысқан шлангіні қолданбаңыз.
Кранға Aquastop муфтасын қолдануға болады.
1. Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған
жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
2. Бақша құбыршегін су құбырына қосыңыз.
Сурет E
3. Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Сорғының құрғақтай жұмыс істеуі
Құрылғының зақымдануы
Егер құрылғыда 2 минут бойы қысым пайда
болмаса, онда оны өшіріңіз жəне Ақаулар кезіндегі
көмек- бөлімдегі нұсқауларды сақтаңыз.
Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Боялған немесе сезімтал беттердің
зақымдалуы
Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған
жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған
жағдайда беттері зақымдалады.
Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем
емес шегіністі сақтаңыз.
Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал
беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.
1. Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз
жəне оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
Сурет F
2. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан
ашыңыз.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде
жоғары қысым қалады.
2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Сурет G
3. Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде
құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Қазақша
Су беру
Пайдалану
Жұмысты тоқтату

Advertenties

loading