ЕСКЕРТУ
Жоғары қысыммен шыққан майдан жарақат алу қаупі бар! Жоғары қысыммен шыққан май тері мен көзге жарақат тигізуі мүмкін.
▶
Зақымдар көрінген жағдайда, кескіш құрылғыны пайдаланбаңыз.
▶
Май шыққан жағдайда, кескіш құрылғыны пайдаланбаңыз.
▶
Піспектің әр кесу әрекетінен кейін кері қозғалғанына көз жеткізіңіз.
▶
Егер піспек кесу әрекетінен кейін кері қозғалмаса, қолмен қайтару үшін қайтарғыш ажыратқышты қолданыңыз.
ЕСКЕРТУ
Жарықшақтардың ұшуынан жарақат алу қаупі бар! Материалдың сынықтары көз бен денеге жарақат тигізуі мүмкін.
▶
Қорғаныш көзілдірік пен қолғап киіп жүріңіз.
▶
Жарамды және өткір жүздерді қолданыңыз.
▶
Кесу әрекетінің алдында жүздердің тиісінше салынғанына және өткір болғанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі бар! Кесу әрекетінің барысында ауыр жарақат алу қаупі бар.
▶
Кесіп тастау барысында міндетті түрде кескіш бастиек пен қолыңыз/саусағыңыздың арасында жеткілікті аралықтың бар болғанына көз
жеткізіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Алмалы-салмалы аспап ыстық және/немесе өткір болуы мүмкін.
▶
Алмалы-салмалы аспапты ауыстырған кезде қорғауыш қаптаманы тіреңіз.
▶
Ыстық алмалы-салмалы аспапты тұтанғыш беттерге ешқашан қоймаңыз.
Гидравликалық май суық ауа райында қоюлануы және кесу әрекетін ұзартуы мүмкін. Кесу құрылғысын жылыту үшін бос жүріс
күйінде 5-10 кесу әрекетін орындаңыз.
1. Кескіш бастиекті қалаулы позицияға бұраңыз.
2. Құлыптау иінтірегін ашыңыз.
3. Қамытты ашыңыз.
4. Кесілетін кабельді кескіш бастиекке салыңыз.
Қамытқа толықтай салу мүмкін болмайтын кабельді кеспеңіз.
Максималды кесу қуатынан асырмаңыз.
5. Қамытты жинаңыз.
6. Құлыптан иінтірегінің тіркелуіне мүмкіндік беріңіз.
7. Негізгі сөндіргішті, жүз кескіш бастиекке кері жылжығанша басып тұрыңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶
Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
• Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
• Бр болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
• Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар
пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
• Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
• Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен
жақсылап тазалаңыз.
• Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың тиюіне ешқашан жол бермеңіз
(мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз.
Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.
Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден кетіріңіз.
• Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар
пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
• Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
• Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді міндетті түрде Hilti қызмет көрсету
орталығында жөндетіңіз.
*2321709*
2321709
Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз жиналуына жол бермеңіз.
215