Download Print deze pagina

Kärcher TLO 18-32 Battery Handleiding pagina 183

Advertenties

Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 31
тұтқаларды пайдаланыңыз жəне жұмыс
уақытын жəне экспозициясын шектеңіз.
● Кескіш құралдармен байланыстың салдарынан
ауыр жарақаттар. Кескіш құралдарға
қолдарыңыз бен аяқтарыңызды
жақындатпаңыз. Қысқаша үзілістер кезінде де
қолданылмаған кезде жүздерді қорғау құралын
қолданыңыз.
● Лақтырылған заттардан, мысалы, ағаш
үгінділерінен, ұшқындардан болатын
жарақаттар.
Тəуекелдерді азайту
АБАЙЛАҢЫЗ
● Құрылғыны ұзақ қолданған кезде қолдағы қан
айналымы бұзылуы мүмкін. Щеткамен
жұмыстың жалпы ұзақтығын орнатпау керек,
себебі ол көптеген факторларға байланысты
болады:
● Жеке нашар қан айналымға бейімділік (жиі
саусақтарыңыз салқындайды, саусақтарыңыз
шаншиды).
● Қоршаған орта температурасы төмен. Қолды
қорғау үшін жылы қолғаптарды қолданыңыз.
● Щетканы мықтап ұстау салдарынан қан
айналымының нашарлауы.
● Үзіліспен жұмыс істеуге қарағанда, үздіксіз
жұмыс істеу зиян.
Құрылғыны тұрақты жəне ұзақ қолданған кезде
жəне саусақтардың шаншуы, салқын саусақтар
сияқты қан айналымының нашарлау белгілері
бірнеше рет пайда болғанда, дəрігерге қаралу
қажет.
Бұйымды мақсатына сəйкес
қолдану
ҚАУІП
Қате пайдалану
Кесіп кетуінің салдарынан өмірге қауіп
Құрылғыны тек нұсқауға сəйкес қолданыңыз.
● Бақша қайшысы тек жеке пайдалануға арналған.
● Құрылғы тек сыртта жұмыс істеуге арналған.
● Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны əрдайым екі
қолмен мықтап ұстау керек.
● Құрылғы майда бұтақтар мен бұтанақтарды
кесуге жəне бөлуге арналған (бұтақтардың
максималды қалыңдығын қараңыз Техникалық
мағлұматтар). Пайдаланушы бұл ретте еденде
нық тұрады.
Кез келген басқа пайдалануға, мысалы, ағаштан
жасалмаған заттарды кесуге жол берілмейді.
Пайдаланушы дұрыс пайдаланбау салдарынан
болатын қауіп-қатерлерге жауапты.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Құрылғыдағы белгілер
Жалпы ескерту белгісі
Пайдалану алдында нұсқаулықты
жəне барлық қауіпсіздік нұсқауларын
оқыңыз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде
сырғымайтын жəне берік қолғап киіңіз.
Құрылғымен жұмыс істеген кезде
тайғанамайтын қорғаныс аяқ киімін
пайдаланыңыз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде тиісті
көз жəне есту қорғауыштарын
пайдаланыңыз.
Құрылғыны жаңбыр немесе ылғал
жағдайларға ұшыратпаңыз.
Электрлік қауіптілік. Құрылғымен
жұмыс істеген кезде, əуе желілерінен
10m
кем дегенде 10 м қашықтықты
сақтаңыз.
Тасталған заттар қауіп төндіреді.
Көрермендерді, əсіресе балалар мен
үй жануарларын, жұмыс аймағынан
кем дегенде 15 метр жерде ұстаңыз.
Қолдарыңызды жүзге жақындатпаңыз.
Құрылғының сипаттамасы
Осы нұсқаулықта максималды комплектациядағы
құрылғы сипатталған. Үлгіге қарай жеткізілім
Қазақша
бөлшектер
183

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

1.444-020.0