94 | Қазақ
– Кедір-бұдырланған гайканы (11) босатып, қосымша
тұтқаны (10) қажетті күйге бұраңыз да, кедір-
бұдырланған гайканы (11) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Құралды алмастыру
SDS max құрал бекіткішінің көмегімен алмалы-салмалы
аспапты қосымша құралдарды пайдаланбай оңай және
тез алмастыруға болады.
Шаңнан қорғайтын қаптама (1) құрал бекіткішін жұмыс
кезінде шаңның кіруінен қорғайды. Құралды орнату
кезінде шаңнан қорғайтын қаптаманың (1)
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған шаңнан қорғайтын қаптаманы дереу
u
алмастыру керек. Бұл жұмысты қызмет көрсету
орталығында орындауға кеңес беріледі.
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (B суретін қараңыз)
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне автоматты
түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп
шығыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (C суретін
қараңыз)
– Бекіткіш төлкені (2) артқа қарай жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Пайдалану
Іске қосу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
1 609 92A 9VB | (07.08.2024)
Қосу/өшіру
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
Тұрақты электроника алдын ала таңдалған айналу жиілігі
мен соққы санын бос жүріс пен жүктеме астындағы
жұмыс күйлерінің арасында тұрақты түрде сақтайды.
Реттеу электроникасы материалға тән жұмысқа арналған
айналу жиілігі мен соққы санын біркелкі алдын ала
таңдауға мүмкіндік береді.
Айналу жиілігін айналмалы реттегіштің (7) көмегімен
материалға сәйкес таңдаңыз.
Желілік ашаны розеткаға салған кезде немесе қуат беру
үзілісінен кейін реттеу электроникасы автоматты түрде ең
жоғары айналу жиілігі мен соққы санын орнатады.
Осылайша айналмалы реттегіштің (7) төмен алдын ала
реттеуіне байланысты оңтайлы қуатпен жұмыс істемеу
жағдайына жол берілмейді.
Төмендегі кестеде ұсынылған мәндер берілген.
Қолданылуы
Сылақты/жеңіл құрылыс материалын
өңдеу
Плитканы ажырату
Кірпіш өңдеу
Бетон өңдеу
Қашау күйін өзгерту (Vario Lock)
Қашауды 12 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы
жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
– Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
– Қашауды реттегіш сақинаны (3) алға қарай
жылжытып, қашауды реттегіш сақинаның (3)
көмегімен қашауды қажетті күйге бұраңыз.
– Қашауды реттегіш сақинаны (3) жіберіп, қашауды
тірелгенше бұраңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Дірілді басу
Кіріктірілген дірілді басу функциясы
дірілді азайтады.
Демпфер зақымдалған жағдайда электр құралын
u
пайдаланушы болмаңыз.
Айналмалы
реттегіш
күйі (7)
Bosch Power Tools