OBJ_BUCH-280-006.book Page 153 Thursday, August 25, 2016 5:34 PM
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмас кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмас кесу
шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткісі электр
құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз
(редукторлық бастағы көрсеткіні қараңыз).
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тегістеу/кесу шеңберін бекіту үшін қысқыш гайканы 13
орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі бар дөңгелек
гайкаларға арналған кілтпен бұрап бекітіңіз, "Тез қысқыш
гайка" тарауын қараңыз.
Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш
қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей
айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Тез қысқыш гайка
Құралдарды пайдаланусыз тегістеу құралын оңай
ауыстыру үшін қысқыш гайканың 13 орнына тез қысқыш
гайканы 12 пайдалануға болады.
Тез қысқыш гайканы 12 тек тегістеу және кесу
шеңберлері үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
Тек дұрыс, зақымдалмаған тез қысқыш гайканы 12
пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту кезінде жазбасы бар тез қысқыш гайка
12 беті тегістеу шеңберіне қарап тұруын қадағалаңыз;
көрсеткі индекстік белгіге 21 нұсқауы керек.
Тегістеу шпинделін 3 бекіту
үшін шпиндельді бекіту
21
түймесін басыңыз. Тез
қысқыш гайканы бекемдеу
үшін тегістеу шеңберін күш
салып сағат тілімен
бұрыңыз.
Дұрыс бекітілген,
зақымдалмаған тез қысқыш
гайканы сақинаны сағат
тіліне кері бұру арқылы
бұра алуға болады.
Ешқашан қатты
бекемделген тез қысқыш
гайканы тістеуікпен бұрап
алмаңыз, екі бүйірлік
тесігі бар гайка кілтін
пайдаланыңыз. Гайка
кілтін суретте
көрсетілгендей екі бүйірлік
тесігімен орнатыңыз.
Bosch Power Tools
Редукторлық басты бұру
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
4 бұранданы толығымен бұрап босатыңыз. Редукторлық
басты корпустан алмастан жаңа күйге жайлап бұрыңыз.
4 бұранданы берік бекітіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын
күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған
электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат
төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі
мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін
жарамдылығын тексеріңіз.
Қaзақша | 153
Редукторлық басты 90°
қадамдармен бұруға
болады. Осылайша
сөндіргішті жұмыс үшін
ыңғайлы күйге орнатуға
болады, мысалы,
сору жұмыстары
үшін соратын
қалпақпен және
бағыттауыштармен 18
немесе солақай үшін.
1 609 92A 2CD | (25.8.16)