Download Print deze pagina

TZS First AUSTRIA FA-5109-1 Gebruiksaanwijzing pagina 42

Elektrische pizzapan

Advertenties

3. ПАЙДАЛАНУДАН КЕЙІН
1. Қолданғаннан кейін термостатты ӨШІРУ күйіне қойыңыз.
2. Желілік қуат көзінен ажыратыңыз, содан кейін термостатты
қыздыру тақтасынан алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қолданғаннан кейін термостаттың
температура сенсоры қатты қызады. Термостатты алмас
бұрын, қыздыру тақтасын салқындатыңыз.
3. Тақтаны жұмсақ жөкемен тазалаған кезде, электр бөлшектеріне су кіргізіп алмаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚҰРҒАҚ ЖӘНЕ ЖҰМСАҚ ШҮБЕРЕКПЕН СҮРТІҢІЗ.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
ҚЫЗДЫРУ ТАҚТАСЫНЫҢ БЕТІ ТЫҒЫЗ ЖАБЫЛМАЙДЫ; ТӨМЕНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕРДІ
ОРЫНДАҢЫЗ:
• Металл ыдыстарды пайдаланбаңыз
• Табада тағам кеспеңіз
• Термостатты қыздыру тақтасына қоймаңыз, қыздыру тақтасына тигізуге рұқсат
етілмейді
• Тазалағыш заттар, нейлон немесе металл щетка пайдаланбаңыз. Қыздыру
тақтасының беті зақымдалады
• Қыздыру тақтасын қолданғаннан кейін, оны шүберекпен тазалау керек. Бетінде
қалған тағам қалдығынан немесе майдан өрт шығып кетуі мүмкін.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат: ток соқтырмау, өрт шығармау немесе жұмыс
қатесіне жол бермеу үшін төмендегі сақтық шараларын ұстану керек.
КАБЕЛДІҢ ҚЫЗУЫ
• Табаны пайдалануды тоқтатып, құрылғыны жақын жердегі қызмет көрсету
орталығына апарыңыз.
ҚАЖЕТТІ КЕРНЕУ: 220-240 В
• Кернеу 220-240 В болуы керек. Пайдаланғаннан кейін құрылғыны ток көзінен
ажыратыңыз.
Ұзартқыш сымды немесе желі сүзгісін пайдаланбаңыз.
КАБЕЛЬДІ ДҰРЫС ҚОЛДАНЫҢЫЗ
• Кабельді үстел шеттерінен салбыратпаңыз.
• Құрылғыны ажыратқан кезде, ашасынан ұстаңыз және кабельден тартпаңыз.
ҚЫЗДЫРУ ТАҚТАСЫН СУҒА САЛМАҢЫЗ
• Қыздыру тақтасын суға салып тазаламаңыз.
• Табаны қайта пайдаланудан бұрын қыздыру тақтасын тазалағаннан кейін құрғату
керек.
ҚЫЗДЫРУ ТАҚТАСЫ ПАЙДАЛАНЫЛМАЙТЫН ЖЕРЛЕР:
• Тұрақсыз зат бетінде немесе тез тұтанатын заттардың (газет, қағаз, т.б.) жанында.
• Таба қабырға мен жиһаздан кемінде 15 см қашықтықта болуы керек.
82
ТЕРМОСТАТ
1. Термостат өте сезімтал болып келеді, оны абайлап ұстаңыз. Құрылғыны түсіріп
алмаңыз немесе соққы тимесін.
2. Әрқашан құрылғымен бірге берілген термостатты пайдаланыңыз. Ешқашан үшінші
тараптың термостатын пайдаланбаңыз.
3. Термостатты дұрыстап салыңыз. Термостатты алған кезде, кабельден тартпаңыз.
Термостатты күштеп салмаңыз немесе алмаңыз.
4. Температура сенсоры мен контактілерді таза ұстаңыз.
5. Температура сенсоры зақымдалса, құрылғыны дереу өшіріп, оны пайдалануды
тоқтатыңыз. Оны жақын жердегі қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
6. Термостатты салудан немесе алудан бұрын оны өшіру керек.
ТАЗАЛАУ
Пайдаланғаннан кейін табаны төмендегі әдіспен тазалаңыз:
• Қыздыру тақтасы
-
Әдісі:
Қыздыру тақтасы ыстық болса, оны дымқыл орамалмен немесе қағазбен
тазалаңыз. Қалдықтарды тазалау қиын болса, аздап су құйып, оны қосыңыз (табаға
су кірмейтініне көз жеткізіңіз). Қыздыру тақтасы қызған кезде, қалдықтарды кетіруге
болады.
-
Ескертпе:
1. Зақым келтірмеу үшін ешқандай жуғыш затты, нейлонды немесе металл щетканы
пайдаланбаңыз.
2. Қыздыру тақтасын суға салмаңыз.
• Қалдықтар
-
Әдісі:
Салқындағаннан кейін қыздыру тақтасын жұмсақ жөкемен және жуғыш заттың аз
көлемімен тазалаңыз.
• Жабын
-
Әдісі:
Жұмсақ жөкемен және аздаған жуғыш затпен тазалаңыз.
-
Ескертпе:
Зақым келтірмеу үшін еріткіштер, бензин, жуғыш немесе химиялық заттар
пайдаланбаңыз.
• Термостат
-
Әдісі:
Жұмсақ қағазбен немесе құрғақ жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
-
Ескертпе:
Сенсордың бөліктерін тазаламаңыз; ток соғуы және өрт шығуы мүмкін.
Пицца табасын тазалағаннан кейін, оны жұмсақ орамалмен жақсылап құрғатыңыз.
Құрғатқаннан кейін бетіне тағам майын аздап жағыңыз.
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін әдіспен жою
Әрқашан қоршаған ортаны ластанудан қорғаңыз! Жергілікті ережелерді сақтауды
ұмытпаңыз: істен шыққан электр жабдықтарды қалдықтарды жоятын тиісті
орталыққа жеткізіңіз.
83

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Fa-5109-2