Download Print deze pagina

Hilti WSC 85 01 Originele Handleiding pagina 151

Advertenties

3.Мотор қақпағының астындағы фланецті бұранданы ішкі алты қырлы кілтпен босатыңыз.
4.Реттеу иінтірегінің көмегімен кесу тереңдігін 0 күйіне орнатыңыз.
5.Ішкі алты қырлы кілт көмегімен бұранданы сағат бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
6.Қыспа фланецті алып тастаңыз.
7.Қайырмалы қаптаманы ашып, мықтап ұстап тұрыңыз.
8.Ара төсемін шығарыңыз.
Қорғауыш қаптаманы тазалау
1.Ара төсемін бөлшектеп алыңыз.
2.Қорғауыш қаптаманы жайлап құрғақ щеткамен тазалаңыз.
3.Қорғауыш қаптаманың ішіндегі шөгінділер мен жоңқаны арнайы құралмен жойыңыз.
4.Ара төсемін қайтадан орнатыңыз.
Қайырмалы қаптаманы тексеру
Қайырмалы қаптаманы басқару иінтірегін басу арқылы толықтай ашыңыз.
Басқару тұтқышын жіберген соң қайырмалы қаптаманы жылдам және толықтай жауып
қойыңыз.
Тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
Аталмыш өнімді енгізілген құралмен бірге тасымалдамаңыз.
Тасымалдау кезінде өнімнің берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Әр тасымалдағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын және
басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп тұрыңыз.
Сақтау
Аталмыш өнімді әрдайым желілік ашасын ажыратып сақтаңыз.
Аталмыш өнімді құрғақ күйінде және балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Ұзақ уақыт сақтағаннан кейін көзге көрінетін барлық бөліктерде зақымдардың бар-жоғын
және басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын тексеріп шығыңыз.
Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ақаулықтар кестесі
Ақаулық
Аспап толық қуатпен
жұмыс істемейді.
Аспап жұмыс істемейді.
*314714*
Ықтимал себеп
Ұзартқыш кабель тым ұзын
немесе қимасы жеткіліксіз.
Қамтудың кернеуі тым төмен.
Қамтудың кернеуі тым төмен.
Желілік кабель немесе аша
жұмыс істемейді.
Сөндіргіш ақаулы.
314714
Шешім
Ұзындығы ұйғарынды
және/немесе қимасы
жеткілікті ұзартқыш кабельді
қолданыңыз.
Фирмалық тақтайшадағы
қуат деректерін тексеріп
шығыңыз.
Басқа электр құралды
жалғап, жұмысын тексеріңіз.
Аспапты тексеру жұмысын
электрші маманға
тапсырыңыз.
Аспапты тексеру жұмысын
электрші маманға
тапсырыңыз.
147

Advertenties

loading