102 | Қазақ
Сақтау бөлімінің бекіткішін (15) ішке басып, қондырманы
сақтау бөлімінің қақпағын (7) ашыңыз және жарамды
адаптерді шығарып алыңыз.
Вентиль қалпағы бар болса, оны үрленетін заттан алып
тастаңыз.
Қысымды шлангіні (10) орау және жазу
(A суретін қараңыз):
– Шланг қысқыштарын (9) босату арқылы қысымды
шлангіні (10) жазып алыңыз.
– Қысымды шлангіні (10) жазу кезінде оның шланг
қысқыштарымен (9) ұсталғанына көз жеткізіңіз.
Ауа сорғысын вентильге жалғау (B суретін қараңыз):
– Вентиль адаптері (13): алдымен вентильге адаптерді
бұрап орнатыңыз. Содан кейін адаптерді қысымды
шлангіге (10) тірелгенше бұрап кіргізіңіз.
– Доп инесі (14) және көлем адаптері (12): алдымен
адаптерді қысымды шлангіге (10) тірелгенше бұрап
кіргізіңіз. Содан кейін қысымды шлангіні (10)
адаптермен бірге вентильге бұрап бекітіңіз.
– Егер адаптер қажет болмаса, қысымды шлангіні (10)
вентильге бұрап бекітіңіз.
Жалғанған заттағы нақты қысым (бар немесе фунт/
шаршы дюйм) манометрде (1) көрсетіледі.
Үрлеу:
– Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (6)
солға итеріңіз (C суретін қараңыз).
– Ауа сорғысын қосу және үрлеу процесін бастау үшін
ажыратқышты (5) басыңыз. Дәл сол уақытта жұмыс
шамы (11) және манометр жарығы қосылады.
Жұмыс шамына тікелей қарамаңыз, ол көзіңізді
шағылыстыруы мүмкін.
– Егер қажетті қысым манометрде (1) көрсетілсе,
ажыратқышты (5) жіберіңіз. Жұмыс шамы (11) және
манометр жарығы сөніп, ауа сорғысы өшіп қалады.
– Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (6)
оңға итеру арқылы ажыратқышты құлыптаңыз
(C суретін қараңыз).
Нұсқау: ұзақ үрлеу әрекеттерін шамамен 5 минуттан
кейін тоқтатыңыз және шлангіні және адаптердің металл
бөлшектерін кемінде 5 минут суытыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Ауа сорғысында кез келген жұмыстар (мысалы,
u
техникалық қызмет көрсету, құралды алмалстыру
және т.б.) өткізбес бұрын және оны тасымалдау
және сақтау кезінде аккумуляторды ауа
сорғысынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін ауа сорғысы
u
мен желдеткіш саңылауларды таза ұстаңыз.
1 609 92A 7HC | (23.06.2022)
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
бағытымен
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
бағытымен
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
Bosch Power Tools